20.06.2022, 16:40 10366

Алматының қай аудандарында көпқабатты үйлер мен тау беткейлерде құрылыс салуға тыйым салынды

Алматының қай аудандарында көпқабатты үйлер мен тау беткейлерде құрылыс салуға тыйым салынды
АЛМАТЫ. 20 МАУСЫМ - Алматының көшкін жүру қаупі бар аумақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Бұл туралы Ерболат Досаев мәслихат отырысында мәлім етті.
 

Тау беткейінің тіктігі 15 градустан артық болуы және инженерлік-геологиялық құрылымына қарай, аумақтың сейсмикалық деңгейінің жоғарылығы (мәселен, тереңдігі 20 метрден асатын сазды топырақ) көшкін жүру қаупін тудырады. Осыған байланысты, кез келген мақсаттағы ғимараттардың жаңа құрылысына тыйым салынады", - деді Ерболат Досаев.

 
Сонымен қатар, ол 2017 жылы тоқтап қалған қала құрылысы кеңесі 1 тамыздан бастап жаңа форматта қайта жұмыс істейтінін айтты.
 

Тәуелсіз сарапшыларды тарту және қала құрылысы бойынша шешімдер қабылдауда олардың рөлін арттыру көзделеді. Бұл үшін біз құрылыс салушыларға қойылатын міндетті талаптарды және жобаларды қоғамдық талқылаудан өткізу, сондай-ақ орналасқан жеріне қарамастан, 5 қабаттан асатын барлық ғимараттар мен құрылыстар үшін қала құрылысы кеңесінің оң қорытындысын алу шарттарын бекітуді ұсынамыз", - деді Алматы әкімі.

 
Қала депутаттары әкім ұсынған жаңа нормаларды бірауыздан қолдады.
 
Сонымен қатар, Алматының басым бөлігінде 9 қабаттан жоғары ғимараттар салынбайды.
 
Алматы әкімдігі қаланың функционалдық аймақтарын дамыту үшін құрылыс регламенттерін жаңартты. 
 
Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысында Абай даңғылының оңтүстігіндегі, әл-Фараби даңғылының солтүстігі, Әшімов көшесінің шығысы және Шығыс айналма жолының шығыс жағындағы тұрғын үйлердің биіктігін шектеуді ұсынды. Ол үшін 9 қабатқа дейін ауыспалы қабаттар санына регламент белгілеуге болады. 
 
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, қолданыстағы ережелер жүзінде бұл аумақтарда 12 және одан да көпқабатты тұрғын үйлер салуға рұқсат бар. 
 

Тығыздықты азайту мақсатында аталған көшелердің аумағындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысы 3-санатты жайлылықтан төмен болмауы керек", - деді әкім орынбасары. 

 
Оның айтуынша, жобада әкімшілік нысандармен қатар тұрғын үй салу қарастырылған кезде, қосымша норма аралас деп аталатын кешенді құрылыста 9 қабаттан жоғары ғимараттар салуға рұқсат береді. Бұл жағдайда тұрғын үй көлемі жобаның жалпы алаңының 30%-ынан аспауы керек. 
 

Қала құрылысы ережелерін іске асыру жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдауыңызды сұраймын, оны қабылдау арқылы қаланың жоғарғы бөлігіндегі құрылыс тығыздығын азайтамыз, тау бөктерінде тұратын тұрғындарды қорғаймыз", - деді Мұхит Әзірбаев.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны