22.07.2022, 15:54 17091

Алматы тауларында мұздық көлдердің бұзылу қаупі сақталуда

Сел қаупіне байланысты жағдай ерекше бақылауда.
Алматы тауларында мұздық көлдердің бұзылу қаупі сақталуда
Сурет: Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. 22 ШІЛДЕ - "Қазселденқорғау" мамандарының бағалауы бойынша Алматы тауларындағы мұздық көлдердің бұзылу қаупі бар, сел қаупіне байланысты жағдай ерекше бақылауда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Температураның жоғарылауына байланысты мұздықтардың еруі байқалады, олар қысқы қардан шамамен 40-80% арылған. Мұздақ көлдердің көпшілігі суға толтырылған, бірақ олардағы су деңгейі қауіпсіз деңгейге сәйкес келеді, жер бетіндегі ағындар қалыпты шекте", - деп хабарлады ТЖД.

 
2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 31 станциядан тұратын Кіші, Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде сел қаупінің автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілді. Жүйе су деңгейін, ауа мен судың температурасын, топырақтың ылғалдылығын, жауын-шашынның қарқындылығын, сел түс қаупіе қоса алғанда, тау өзендерінің жай-күйінің 10-ға дейінгі параметрлеріне автоматты түрде мониторинг жасайлы.
 
Мұздақ көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылау Қазселденқорғаудың 9 тұрақты және 10 маусымдық гидропостында жүзеге асырылады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын үй модульдерімен, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен, гидрометеорологиялық аспаптармен және байланыс құралдарымен жабдықталған.
 
Мұздақ көлдерден суды ағызу бойынша алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісті, қажет болған жағдайда бульдозерлер іске қосылады, эвакуациялық каналдарды тазалау және тереңдету жоспарлануда.
 
Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мегаполистің сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мұздақ көлдердің жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізді. Тікұшақтан бақылау барысында қала әкімі "Аюсай" шатқалында салынып жатқан селден қорғайтын бөгеттің нысанымен танысты. 
 
Үлкен Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 122 сел қаупі бар учаске, 114 мұздық, мұздақ көлдер орналасқан. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында екі бөгет салынуда. Бүгінгі күні құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде, Аюсай бөгеті бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың соңына дейін, Ақсай шатқалы бойынша жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың соңына дейін жалғасады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны