04.08.2022, 15:56 22341

Алматыда жасыл желектерді суарудың жаңа ережелері қабылданады

Алматыда жасыл желектерді суарудың жаңа ережелері қабылданады
АЛМАТЫ. 4 ТАМЫЗ - Алматыда жасыл желектерді суарудың жаңа ережесі қабылданады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. 
 
Алматы әкімінің айтуынша, қала бойынша жасыл желектерді суарудың жаңа ережелерін қабылдау жоспарланып отыр. 
 

Өкінішке орай, мұндай ережелер бұрын-соңды болмаған. Оның ішінде нақты талаптар болады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бүгінгі қолданыстағы арық жүйелері бұрынғы жылдардағыдай жақсы суара алмайды. Жоспардағы жұмыстар аясында жаңа суару жүйелері орнатылатын болады", - деді Ерболат Досаев. 

 
Еске салайық, бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда әкім, тұрғындардың өтініші бойынша, "Южный" саябағындағы жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны