09.08.2022, 17:15 10571

Алматыда екі көшенің қозғалысы ішінара бір бағытты болады

11 тамыздан бастап Шәкәрім және Есенжанов көшелерінің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.
Алматыда екі көшенің қозғалысы ішінара бір бағытты болады
АЛМАТЫ. 9 ТАМЫЗ - Алматыда Есенжанов пен Шәкәрім көшелерінде жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы схемасына өзгерістер енгізілуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

11 тамыздан бастап батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған", - деп хабарлады қала әкімдігі.

 
Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініштері негізінде, сондай-ақ көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды, деп атап өтті ведомствода.
 

Өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береміз", - деп атап өтті әкімдікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны