12.09.2022, 15:52 23096

Экологтар Каспийге Арал теңізінің тағдырын болжап отыр

Экологтар Каспийге Арал теңізінің тағдырын болжап отыр
Сурет: бейнеден кадр
АҚТАУ. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Каспий тартылып барады. Экологтар Каспийдің тартылуын теңізге құятын Еділ мен Жайық суының мөлшері азаюымен байланыстырады. 
 
Ресей аумағындағы өзен бойында су қоймалары көптеп салынып жатыр. Яғни, сол жақта қалып қоятын су мөлшері жыл санап ұлғайып келеді. Сондықтан, теңізге мейлінше көбірек су жіберу бойынша 2 мемлекет келісімге келуі керек, дейді табиғат жанашырлары. 
 

Ресей мен Қазақстанның эколог-мамандары кездесіп, талай пікірлескен жағдай болды. Сонда бізге ана Жайықтың суы азайып кетті. Су жіберсеңдерші дегенімізде, олар айтады. "Көрші ағайын, Жайық бассейніндегі халық саны осыдан 50 жыл бұрынғыға қарағанда 6 есе өсіп кетті. Ол адамның барлығы суды пайдаланады. Және бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегідей жоспарлау мүмкін емес қазір. Сондықтан, бізді кінәламауды сұраймыз деген әңгіме айтады", - дейді эколог Орынбасар Тоғжанов.


 

Әлемдік климаттың өзгеруімен аптап мезгілдің ұзарды. Мұның Каспийге де кері әсері бар. Теңізге 140-қа тарта өзен құйды. Қазір кейбірі мүлдем тартылып қалды. Бұл, дабыл қағатын жайт", - деді эколог Кирилл Осин.

 
Энергокомбинат теңіз суын тұщытып беретін Ақтау халқы ала жаздай ауыз суға жарымады. Күндіз су қысымы төмендеуімен қаланың жоғары бөлігіндегі шағын аудандарға кестемен берілді. Жоғары қабатта тұратындар тек түнде келетін тіршілік нәрін бар ыдысқа жинап алады. Күндіз сол суға ас пісіріп, артылғанын әжетханаға құяды. Жуыну үшін таңғы 4-те тұруға мәжбүр болғанын айтады. 
 

Су болмай қалады нөл. Соның кесірінен даладан тасимыз, үйімізден кетуге мәжбүр боламыз. Әкімдік насос қондыру керек деді", - дейді қала тұрғыны Меруерт Әбдіханова. 

 

Ескі шағын аудандарда 9 қабатты, 12 қабатты тұрғын үйлерге орнатылып отыр. Ал, жаңа шағынаудан тұрғындары өздерінің застройщиктері бар, басқарушы компанияларымен бірлесіп қондыру қажет. Тиісті қаражат жинақтап, насосты сатып алған жағдайда әкімдік тарапынан "Каспий жылу су арнасы" арқылы орнатып беру мәселесі қарастырылатын болады", - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

 
Келер жылы ауыз су Ақтауға, Мұнайлы мен Түпқараған ауданына үзіліссіз беріледі деп ешкім айта алмады. Қысым тиісті деңгейде болмаса, көпқабатты үйлерге насос орнатудың да пайдасы жоқ, - дейді мамандар. 2025 жылға дейін Маңғыстауда кезең-кезеңімен жалпы қуаты 286 мың текше метр болатын 9 жоба жүзеге асады. Соның алтауы Каспий суын тұщытуға қатысты. Егер теңіздің деңгейі қазіргіден де төмендейтін болса, олар қаншалықты тиімді болмақ? Бұл сауал да әзірге ашық күйде қалды.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны