08.11.2022, 14:31 13136

Тоқаев мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды.
Тоқаев мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: akorda.kz
Астана. 8 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Құжатқа сәйкес, елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
 
II дәрежелі "Барыс" орденімен - еңбек ардагері Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы;
 
"Парасат" орденімен - "Атыраугидрогеология" ЖШС ғылыми кеңесшісі Сабуров Едіге;
 
"Құрмет" орденімен - "Атырау облыстық кардиологиялық орталығы" КМК директоры Қонысов Марат Нұрышұлы;
 
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен - "Ембімұнайгаз" АҚ "Доссормұнайгаз" МГӨБ операторы Сәтмағамбетов Сафи Қаниұлы;
 
"Ерен еңбегі үшін" медалімен - Атырау облысы Д. Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәмиев Жәнібек Жантұрсынұлы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны