10.03.2022, 17:47 19321

Ақпан айында Қазақстаннан 1 миллионға жуық жарияланбаған доллар шығаруға тырысты

2022 жылдың ақпанында шет елдерге декларацияланбаған 995 410 АҚШ долларын жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған.

НҰР-СҰЛТАН. 10 НАУРЫЗ - 2022 жылдың ақпанында шет елдерге декларацияланбаған 995 410 АҚШ долларын жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың тек ақпан айында ғана "Жетісу", "Әуежай-Астана", "Әуежай-Ақтөбе", "Қазығұрт", "Әуежай-Шымкент", "Әуежай-Актау" кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарын алып кетудің 51 фактісі анықталған. Декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы 995 410 АҚШ долларын құраған", - деп ведомствада хабарлады.

Жалпы 2022 жылдың ақпан айында 50 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), бұл заң бұзушылықтар бойынша 1 531 500 теңге айыппұл салынған.

Алматы қаласында 2022 жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған және қылмыстық құқық бұзушылық сипатындағы 1 дерек анықталған.

"Ол азаматтар 298 млн. теңгеден аса, нақты айтқанда 688 262 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы - 1 133 310 теңге", - деп баспасөз қызметінен нақтыланды.

4 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері "Алматы-Ыстамбұл" қатынасындағы әуе рейсімен ұшуға бағытталған ҚР азаматы тоқтатты. Ұстау кезінде 97 000 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

2022 жылдың 8 ақпанында "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Ыстамбұлға ұшуға бағытталған ҚР азаматын ұстады. Одан 26 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты табылған.

"Тек елордада 2022 жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған, ол азаматтар 101 341 421 теңге, нақты айтқанда 219 414 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы – 275 670 теңге", - деп ведомствада хабарлады.

Мәселен, 2022 жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Нұр-Сұлтан-Анталья " халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге ҚР азаматтарын ұстады. Ұстау кезінде 32 552 АҚШ доллары мөлшеріндегі декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды.

Кедендік декларациялауды жүзеге асыру өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол Ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүргізіледі.

"Бұдан басқа, тауарларды кедендік декларациялау кезінде жеке тұлғалар 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациясыз ҚР-ға әкелуге немесе ҚР-дан әкетуге құқылы", - деп МКК-інде қосты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны