10.01.2023, 11:35 25496

Қаңтардағы ҰБТ Қазақстанда басталды

Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті
Қаңтардағы ҰБТ Қазақстанда басталды
Сурет: instagram/ruslan_yemelbayev
Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 10 қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілді.

Қаңтардағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО білім алушылары, ақылы негізде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО ақылы негізде оқуға қабылданғысы келетін мектеп түлектері қатысады", - деп түсіндірді ведомствода.


Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Айта кету керек, 2023 жылғы ҰБТ-да тестілеу форматы өзгеріссіз қалды. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы - 15, математикалық сауаттылық - 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырманы орындайды. Барлығы - 120 сұрақ. Ең жоғары балл - 140. Тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталады.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталықта дистракторлар (жауап нұсқалары) саны азайғанын атап өтті. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны бестен төртке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) сегізден алтыға дейін азайтылды.

Қаңтардағы ҰБТ-дан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар", "Ақпараттық қауіпсіздік" білім беру бағдарламаларының топтарына түсуге ниет білдірушілер ҰБТ-ны "Математика-Информатика" комбинациясы бойынша тапсырады.

Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді болады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі", - деп қосты баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны