29.04.2021, 19:31 16021

Абу-Дабиге екі жаңа әуе рейсі Қазақстанда іске қосылады

"Wizz Air Abu Dhabi" - лоукостер, БАӘ-нің алтыншы ұлттық әуе компаниясы.
НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Абу-Дабиге екі жаңа әуе рейсінің іске қосылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 16 мамырынан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Абу-Даби бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен рейстерді орындай бастайды. Ал 2021 жылдың 22 мамырынан бастап Алматы - Абу-Даби бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүреді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда ИИДМ "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясымен келісімге қол қойды. Осы келісім бойынша тасымалдаушы жаңа рейстерді орындайтын болады.
 
 "Wizz Air Abu Dhabi" - лоукостер, БАӘ-нің алтыншы ұлттық әуе компаниясы. Ол 13 бағыт бойынша 11 елге халықаралық рейстерді орындайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны