13.01.2026, 10:04 706

Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Құрметті достар! Қазақ руханиятының қара шаңырағы- Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын! Ғасыр бұрын "Еңлік-Кебекпен" ашылған қасиетті шымылдық содан бері талай дәуірді артқа тастап, ұлттың тағдырлы кезеңдерін, арман-мұратын сахна тілімен сөйлетіп келеді. Киелі сахнада қазақ драматургиясының інжу-маржанына айналған "Абай", "Қобыланды", "Қарагөз", "Айман- Шолпан" және өзге детуындылар сахналанды. Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде "Ұлттық" мәртебеге иетеатр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр. Театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін",- делінген хабарламада.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны