11.03.2022, 17:08 35681

Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты

Air Astana әуекомпаниясы сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге барлық рейстерді тоқтатады.
Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Air Astana әуекомпаниясы сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге барлық рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтататынын хабарлайды", - делінген Air Astana әуекомпаниясының Instagram парақшасында.

 
Әуекомпания рейстерді қайта орындау үшін осыған қатысты барлық сұрақты Қазақстан үкіметімен шұғыл түрде талқылап жатыр. 
 

Тоқтатылған рейс жолаушыларынан билет ақысын толықтай қайтару үшін билет сатып алған жеріне хабарласуын сұраймыз", - деп қосты әуекомпанияда.

 
Бұған дейін ресейлік әуекомпаниялар Алматыға рейстерді уақытша тоқтатты деп хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны