12.07.2018, 20:19 4348

Ақтөбеде 13-14 шілдеде Ойыл ауданыныӊ күндері өтеді

Осы аптада "Туған жерім - нұрлы елім!" Ақтөбе облысы аудандарыныӊ күндерін Ойыл ауданы жалғастырады.

Ақтөбе. 12 шілде. Kazakhstan Today - Осы аптада "Туған жерім - нұрлы елім!" Ақтөбе облысы аудандарыныӊ күндерін Ойыл ауданы жалғастырады.

13 шілдеде С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананыӊ конференц-залында "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Көкжардыӊ жыр жәрмеӊкесі" ақындармен кездесу ұйымдастырылатын болады, онда шығармашылдық зиялылар өкілдері Көкжарға арналған жұмыстарын көрсетеді. Жастардыӊ консультациялық орталығында өӊірде жарияланған Бақытты балалық жылы және "Бақытты бала" жобасы аясында балаларға арналған "Бақытты балалық шақ - жарқын болашақ!" мерекелік іс-шарасы болады. Ұйымдастырушылар балаларға көптеген тосынсыйлар мен сыйлықтар, сондай-ақ, концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралар дайындады.

Марат Оспанов атындағы БҚММУ профессорлары, медицина ғылымдарыныӊ докторлары, Ойыл ауданынан шыққан оташылар "Туған жерге тағзым" жобасы аясында 5 күрделі ота, ал неврологтар мен офтальмологтар ақтөбеліктерге консультациялық көмек көрсетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени бағдарлама да әзірленеген: жұма күні кешкісін Т.Ахтанов атындағы драма театрында "Арылу" спектаклін көріп, "Ин шалқыған - нұр Көкжар!" концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Ойылдық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердіӊ жәрмеӊкесі 14 шілдеде ертеӊгісін "Табыс" коммуналдық базарында өтеді. Ауданныӊ 32 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады. Ақтөбеліктер сиыр, қой, жылқы еттерін, балықты, балды, тарыны және т.б. төменгі бағамен алады деп күтілуде.

Ойыл ауданы күндерініӊ аясында қайырымдылық акциялары да ұйымдастырылады.

Екі күндік іс-шара 14 шілдеде кешкісін Тұӊғыш Президент атындағы саябақта театрландырылған көрініспен және мерекелік концертпен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны