04.05.2008, 17:09 3230

Ақтөбеде танымал қазақ тарышысының ұрпақтары оның ескерткішін алып тастауды сұрауда

Ақтөбеде танымал қазақ тарышысының ұрпақтары оның ескерткішін алып тастауды сұрауда

Ақтөбе. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде танымал қазақ тарышысы Шығанақ Берсиевтің ұрпақтары Пушкин атындағы саябақтан оның ескерткішін алып тастауды сұрауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Менің атама арналған ескерткіш ол ауырып жатқан кезде түсірілген фотосурет бойынша жасалған. Атақты тарышының аяушылық пен мүсіркеу ғана тудыратын аурушаң әрі жүдеу күйдегі адам секілді бейнеленуіне мүсінші кінәлі емес", - деді тарышының немересі Мұхамбетқали Қонғанұлы.

Бұған дейін мен ескерткішті алу туралы өтініш жасап көрген емеспін, өйткені, Пушкин саябағындағы ескерткіш облыс орталығындағы жалғыз ескерткіш болған. Бірақ жуырда облыс басшылығы менің атамның 152 жылдық мерейтойына орай Ақтөбеде басқа ескерткіш тұрғызды, оны жасауда Ш.Берсиевтің басқа фотосуреті негіз болды", - деді ол.

Осыған байланысты тарышының ұрпақтары тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық инспекцияның басшылығынан Ш. Берсиевтің ескерткішін алып тастауды сұрап отыр.

Ұлы отан соғысы жылдары өзінің ерен еңбегімен аты шыққан танымал қазақ тарышысы Шығанақ Берсиев 1881 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туған. Төрт гектардан 201 центнер тары алған оның әлемдік рекордын бүгінгі күнге дейін ешкім бұза алған жоқ. Ұлы тарышы 1944 жылы дүние салған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны