14.05.2021, 21:38 11815

Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАМЫР - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы кезеңге бірнеше жолаушылар пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылдың 17 маусымынан бастап №457/458 "Семей-Достық" қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
 
2021 ж.17 маусымынан бастап №459/460 "Өскемен-1 – Достық" қатынасында күн ара қатынау жиілігімен Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
 
2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.
 

Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында "Нұр – Сұлтан-Достық" тіркемелі вагоны бар №121/122 "Нұр-Сұлтан-Семей" пойызы, №6941/6942 "Ақтоғай-Семей" пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 "Қызылорда-Семей" пойызы құрамындағы "Алматы-Достық" қатынасындағы тікелей вагон барлығын қаперге саламыз", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны