28.09.2018, 14:45 6837

Алик Шпекбаев Венада өткен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы қатысушыларыныӊ Ассамблеясында сөз сөйледі

Қазіргі уақытта Қазақстанға австриялық сарапшыларды шақыру арқылы магистрлік бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алик Шпекбаев Венада өткен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы қатысушыларыныӊ Ассамблеясында сөз сөйледі.

Венада (Австрия) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясыныӊ (бұдан әрі - ХСЖҚА) қатысушылары Ассамблеясыныӊ жетінші сессиясы өтті.

ХСЖҚА қатысушылары Ассамблеясына қатысу үшін Қазақстан делегациясын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев басқарды.

Агенттік басшысы Қазақстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама оқыды.

"Қазақстанда соӊғы екі жылда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарыныӊ ілгерілемелі төмендеуі байқалады", деді ол.

"Қазақстанныӊ мемлекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ерекше орын алады. Осы кеӊес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы біздіӊ өзара әрекеттестікті жаӊа сапалы деӊгейге шығаратынына сенімдімін", - деді Шпекбаев.

Сондай-ақ Қазақстанмен ашықтық, транспаренттік және есептілік қағидаттарын қамтамасыз ету және жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдыӊ кешенді шаралары оӊ жүйелі өзгерістерге әкелгендігі аталып өтілді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік қызметшілердіӊ еӊбекақысын арттыру, олардыӊ қызметін бақылау, ақпараттық-түсіндірмелік кампаниялар, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестік және қоғамдық бақылау өздерініӊ тиімділігін көрсетеді.

Қазақстанда екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардыӊ ілгерілемелі төмендеуі және қоғам мен бизнестіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуыныӊ артуы байқалады", - деді Агенттік Төрағасы.

Бұл бағытта сондай-ақ Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясымен ынтымақтастықты нығайтуға маӊызды мән беріледі.

2010 жылдан бастап ХСЖҚА базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ қызметкерлері оқудан өтуде.

Биылғы жылы ХСЖҚА мен Агенттік арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ХСЖҚА тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" - жаӊа магистрлік бағдарламасы іске қосылды, оныӊ негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар үшін заманауи лидерлерді дайындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанға австриялық сарапшыларды шақыру арқылы магистрлік бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда.

Қараша айыныӊ соӊында Қазақстанныӊ бастамасы бойынша ХСЖҚА-да Орталық Азия мен Ауғанстан елдерініӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарыныӊ басшылығы үшін курстар ұйымдастырылады.

Алик Шпекбаев ХСЖҚА қатысушылары Ассамблеясында Академияныӊ жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына қосқан үлесін жоғары бағалап, 2019 жылы Қазақстанда Ассамблеяныӊ кезекті отырысын өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны