14.01.2016, 17:45 4352

Алматы метрополитені электрпойыз машинистініӊ жаӊа тренажерініӊ тұсауын кесті.

2016 жылғы 12 қаӊтарда "Метрополитен" КМК-де жаӊа программалық-техникалық кешен "Электрпойыз машинистініӊ тренажері" тұсаукесері өтті

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 12 қаӊтарда "Метрополитен" КМК-де жаӊа программалық-техникалық кешен "Электрпойыз машинистініӊ тренажері" тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жоба электрпойызды басқрудыӊ және әртүрлі оқыс оқиғаларда (өрт, лаӊкестік қауіп, пойыздыӊ әртүрлі жүйесіндегі жұмыстағы ақаулар) әрекет ету тәжірибесін ала отырып, машинистердіӊ білімдерін тестілеудіӊ көп деӊгейлі оқыту орталығы болып табылады.

Жаӊа программалық-техникалық кешен үш негізгі бөліктен тұрады: машинист кабинасыныӊ көшірмесі, нұсқаушыныӊ автоматтандырылған жұмыс орны (НАЖО) және процедуралық тренажерлар.

Машинист кабинасыныӊ көшірмесі - бұл шынайыға максимал жақындатылған жағдайларда машинистіӊ жұмыс тәжірибесін алу үшін құрылған толық масштабты көп функционалды тренажер. Бұдан басқа, ол авариялық және оқыс оқиғалар кезінде машинистіӊ дайындығын және іс-әрекетініӊ реакциясы мен дұрыстығын бағалау үшін алғашқы оқыту процесінде қызмет істейді. Оқыту кабинасында машинист тоқтау және қозғалыс кезінде вагондардағы жағдайларды қадағалау мүмкіндігін, "бұрылыстарды сезіну", "бағыттардан" өту, пойызды жылдамдату және тежеу мүмкіндігін алады. Кабинада шұғыл тоқтату қызметініӊ имитациясы құрылған. Кешенде жол бейнесін имитациялаудыӊ жоғары сапасы, дыбыс пен қозғалысты генерациялау жүйелері, пойыз жүйесіне кірулер және ақауларды логикалық

іздеу жүзеге асырылады.

Жолды визуалдау үшін тренажер кабинасыныӊ алдында орнатылған иілген экран үш өлшемдік графика негізінде бейнелену үлкен болып көрсетіледі, ол машинистке тоннелдерде қозғалыс кезінде, бекеттер перрондарыныӊ бойы, тұйықтарда, депоныӊ тармақ жолдарында және депода кеӊ шолып қарауды ұсынуы тиіс. Артқы көріністі көре алатын айнаныӊ орнына, тренажер кабинасында орнатылған монитор, бекеттердегі жолаушылардыӊ кіруін және шығуын қадағалауды, оқыс және авариялық жағдайлардыӊ туындауын машинистке имитациялайтын көрініс береді.

Нұсқаушыныӊ автоматтандырылған жұмыс орны (НАЖО) пойыз машинистерін тренажер пойыздарды қадағалауды, симуляторлар қозғалысыныӊ негізгі көрсеткіштеріне өзгерістер енгізуді, оқыс оқиғаларды моделдеуге және кластарда болып жатқандар жағдайларды бақылауды үйретуге мүмкіндік береді. НАЖО-ныӊ көмегімен нұсқаушыда жазылған сценарий түрінде және шынайы уақыт режимінде, күтпеген және болжанбаған мән-жайларды қосу мүмкіндігі бар.

Екі функционалдық процедуралық тренажер - виртуал пойыздардыӊ бірнеше машинистері бір уақытта локомотивті басқаруды, білім алу мен авариялық және оқыс оқиғаларда реакция жасау мен дұрыс әрекет етуді игеруді үйренуге мүмкіндік беретін басқару пульттарыныӊ шынайы панельдерін имитациялаумен машинистердіӊ автоматтандырылған жұмыс орындары. Машинистіӊ бір автоматтандырылған жұмыс орны: пойызды басқару пультыныӊ көшірмесін, мониторларды, пойызды басқару аспаптарыныӊ имитацияланатын жұмысын, кабинаныӊ артқы жағындағы кеӊістікті визуалдау мониторы бар компьютерді, лицензиялық және қолданбалы программалық қамтымды, машинист креслосын, пайдалану жөніндегі құжаттама жинағын қамтиды.

Тренажер-машинисті пайдалану:

1. Жас машинистерді кәсіби дайындау және тәжірибелі машинистерді қайта дайындау мерзімдерін қысқартуға.

2. Қысқа мерзімде машинистерді пойыздар жүргізудіӊ қауіпсіз технологияларына оқытуға.

3. Машинистердіӊ кәсіби шеберлігін оқыс және авариялық жағдайларда әрекет етуге үйрету жолымен көтеруге.

4. Пойызды жүргізуге машықтану бөлігінде машинистердіӊ біліктілігін жан-жақты және объективті бағалауға мүмкіндік береді.

"Метрополитен" КМК-ніӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны