19.04.2016, 10:58 3493

Алматы облысында жеміс бақтарыныӊ көлемі 20 мыӊ гектарға жетті

Мемлекеттік қолдау арқасында облыстағы бақтар алаӊы 20 мыӊ гектарға жетті, оныӊ ішінде екі мыӊ гектары - апорт бақтары. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ орындалу барысы туралы өткен брифинг барысында айтты

Алматы. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қолдау арқасында облыстағы бақтар алаӊы 20 мыӊ гектарға жетті, оныӊ ішінде екі мыӊ гектары - апорт бақтары. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ орындалу барысы туралы өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыс басшысыныӊ айтуынша, биылғы жылы инвесторлардыӊ қатысуымен 1350 гектар интенсивті бақтар отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мәселен, Панфилов ауданында "Жаркент Фрукт" ЖШС "Ордабасы" Корпорациясы инвесторымен бірге 1000 га алаӊға бақ отырғызды және "Raimbek Group" Ұйғыр ауданыныӊ "Алма Продэкс" ЖШС-мен бірге 150 га отырғызды.

Қарасай ауданыныӊ Үшқоӊыр ауылында "Керуен" агрофирмасы неміс эко-технологиясы бойынша алма өсіру, сақтау және өӊдеу жөніндегі кластер құрылады, ағымдағы жылы бақтар алаӊы 600 га жеткізіледі.

Сонымен қатар облыста ҚХР, Иран, Кипр инвесторларымен бірлесіп 8 жобаны жүзеге асыру мәселелері пысықталды, оныӊ ішінде энергетика саласындағы үш жобаны "Самұрық-Энерго" АҚ іске асыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны