18.09.2012, 17:22 3966

Алматыда Медеу шатқалын қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық акция басталды

Алматы қаласының әкімшілігі Іле Алатауы табиғи паркінің Мохнатка тауындағы және Медеу шатқалындағы ірі өрттен кейін экожүйені қалпына келтіру бойынша көптеген ұсыныстар алды. Бұл туралы брифингте Алматы әкімшілігі баспасөз қызметінің бастығы Сергей Куянов мәлімдеді.

Алматы. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Медеу шатқалын қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық акция басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының әкімшілігі Іле Алатауы табиғи паркінің Мохнатка тауындағы және Медеу шатқалындағы ірі өрттен кейін экожүйені қалпына келтіру бойынша көптеген ұсыныстар алды. Бұл туралы брифингте Алматы әкімшілігі баспасөз қызметінің бастығы Сергей Куянов мәлімдеді.

Мохнатка тауы Алматы облысына қарайтындықтан және ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынышты болғандықтан, қалалық әкімшілік Мохнатка тауының экожүйесін қалпына келтіруге қаржы бөле алмайды.

"Соңғы уақытта Медеу шатқалының табиғатына дүлей жел екі рет залал келтірді", - деп мәлімдеді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Алтай Рақымбеков.

Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің басшысы Сергей Куяновтың айтуынша, "түрлі компаниялар мен ұйымдардан бастап, Алматы тұрғындарына дейін көптеген көмек көрсету туралы ұсыныстар түсуде".

"Қала тұрғындары түрлі көмектерін ұсынуда. Мәселен, студенттер Медеу шатқалының табиғатын қалпына келтіруге бағытталған бірқатар сенбіліктер ұйымдастыруды ұсынды. Дегенмен, аталмыш учаскедегі қауіпті жағдайды ескере отырып, бұндай тазарту-қалпына келтіру шаралары тек ТЖМ мамандарымен жүргізілуі керек. Ал адам өміріне қауіп келтірмейтін жерлерге көмек көрсетуге тілек білдіргендер тартылуы мүмкін", - деп баяндады Сергей Куянов.

Өз көмегін "Жаңа Алатау" қоғамдық қоры да ұсынды. Қор Алматы әкімшілігімен бірігіп ғаламторда сайт ашпақ, онда жұмсалған әр тиын көрсетілетін болады", - деді "Жаңа Алатау" қоғамдық қорының директоры Айдар Балабеков.

Банктердің бірінде Мохнатка тауының экожүйесін қалпына келтіру үшін қаржы жинау бойынша шот ашылады. Шотқа аударылған ақша есебінен қаржыландырылатын қалпына келтіру жұмыстары сайтта жарияланатын болады.

Ертеңнен бастап таудың экожүйесін қалпына келтіру үшін қаржы жинау бойынша акция бейресми түрде басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны