13.08.2012, 12:07 3096

Алматыда олимпиадашылардың құрметіне арналған велржүгіру өтті

Бұл жарыс Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінен 08.30 - да басталады. Онда веложүгірушілер Ил-Фараби даңғылының бойымен батыс бағыты бойынша Розыбакиев көшесіне дейін, одан әрі қарай Абай даңғылының бойымен Орталық стадионға дейін барды.

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда олимпиадашылардың құрметіне арналған велржүгіру өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда 12 тамызда Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларға, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің құрметіне арналған веложүгіру өтті.

Оған қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысты.

Бұл жарыс Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінен 08.30 - да басталады. Онда веложүгірушілер Ил-Фараби даңғылының бойымен батыс бағыты бойынша Розыбакиев көшесіне дейін, одан әрі қарай Абай даңғылының бойымен Орталық стадионға дейін барды.

Жалпы Ұлыбритания астанасында 27 шілде күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додаға Қазақстаннан 115 спортшы қатысқан болатын. Олардың алтауы Олимпиада чемпионы, төртеуі қола жүлдегер атанды. Енді екі боксшымыз ақтық финалда алтын медалдьді сарапқа салады. Сондай-ақ тағы бірнеше спорт түрі бойынша спортшыларымыз жүлделі орындарға таласа алады. Мәселен бүгін бессайыстан Павел Ильяшенко мен Рустем Сабирхузин, спорттық жүрістен Виталий Аничкин 50 шақырымға, Айман мен Шолпан Қожахметовалар 20 шақырымға жарысады. Еркін күрестен Ермек Байдуашев (84 кг), Дәурен Жұмағазиев (60 кг), Даулет Шабанбай (120 кг), таэквондодан Феруза Ергешова (+67 кг) жарыс жолына шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны