16.08.2021, 15:09 6516

Алматы қалалық денсаулық басқармасында жедел жәрдемге қалай қоңырау шалуға болатыны айтылды

ҚДБ терілген нөмірдің алдында 9 санын қосуды ұсынады: 9103 — жедел жәрдем; 9102 — полиция қызметі; 910 — Өрт сөндіру қыметі.
АЛМАТЫ. 16 ТАМЫЗ - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы не себепті жедел медициналық жәрдем қызметінің көмегіне кейде жүгіну мүмкін еместігін түсіндірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствода мәлімдегендей, көптеген қоңыраулар автоматты түрде ТЖД - 112 нөміріне бағытталады.
 
Соңғы уақытта 103 нөмері, яғни, жедел медициналық жәрдем диспетчерлеріне қоңырау шалу өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес деген шағымдар жиі түсуде. 
 

Осы мәселеге байланысты Жедел медициналық жәрдем қызметінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұялы телефонда теру процесіне кедергі келтіретін бірқатар қателіктер анықталды. Сондай қателіктердің бірі, яғни Жедел жәрдем қызметіне шалынған қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел диспетчерлік қызметінің 112 нөміріне бағытталатын болып шықты", - деп түсіндірді ведомствода.

 
 "Beeline" компаниясының ресми ақпараты бойынша, бір ғана себебі бар — қытайлық смартфондар. Кейбір танымал қытайлық брендтердің мобильді құрылғыларынан Жедел медициналық жәрдем қызметіне (103), полицияға (102), өрт сөндіру қызметіне (101) және апаттық газ қызметіне (104) қол жеткізу мүмкін емес. Барлық қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызметінің 112 телефон нөміріне бағытталады.
 
Егер дәл осындай мәселеге тап болсаңыз, ҚДБ терілген нөмірдің алдында 9 санын қосуды ұсынады:
 
9103 — жедел жәрдем;
 
9102 — полиция қызметі;
 
910 — Өрт сөндіру қыметі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны