15.03.2023, 13:40 39321

Алматы облысының тұрғындарына қоғамдық тыңдаулардан кейін газ тарифі төмендетілді

ТМРКД "Сигма-ГАЗ" ЖШС-на жалпы сомасы 2 млн. теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге ұсыныс берді
Алматы облысының тұрғындарына қоғамдық тыңдаулардан кейін газ тарифі төмендетілді
Қонаев. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Тарифтерді көтерген "Сигма-ГАЗ" ЖШС-нің әрекеттеріне бірнеше рет шағымданғаннан кейін Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындарына газдың құны 17%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Алматы облысының Қарасай ауданы тұрғындарының тауарлық газға бөлшек саудада өткізудің жоғары бағалары қатысты "Сигма-ГАЗ" ЖШС-ның іс-әрекеттеріне шағымдары аясында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 17 қаңтарға дейінгі кезеңде аталған субъектінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізген, делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша, ТМРКД "Сигма-ГАЗ" ЖШС-на жалпы сомасы 2 млн. теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері мен бағаларын қайта қарау үшін уәкілетті органға өтінімдермен жүгінуге ұсыныс берді", - деп атап өтті департаментте.


 "Сигма-ГАЗ" ЖШС-ның өтінімдердегі шығындарының баптарын мұқият талдау нәтижесінде, Алматы облысы бойынша ТМРКД 2023 жылғы 10 наурызда тауарлық газды газ тарату құбырлары арқылы тасымалдауға арналған тарифті 1000м3 үшін 7 300,94 теңгеден 3 136,38 теңгеге дейін (ҚҚС-пен) немесе 57,04%-ға, яғни 1000м3 үшін 4 164,56 теңгеге дейін (ҚҚС-пен) төмендетті.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 10 наурыздағы ТМРКД-ның дәлелді қорытындысымен жабдықтау үстемесі және негізделген шекті баға 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, 1000м3 үшін 28 945,22 теңге (ҚҚС-пен) мөлшерінде, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша бекітілді:

- тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 28 945,22-ге дейін, төмендеу 16,7%-ды немесе 5 810,28 теңгені құрады;

- басқа заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар - 34 755,5-ден 32 106,15-ге дейін, төмендеу 7,6%-ды немесе 2 649,35 теңгені құрады;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық) - 34 755,5-ден 23 156,18-ге дейін, төмендеу 33,37%-ды немесе 11 599,32 теңгені құрады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысында бағаны көтеретін газ жеткізушіні монополияға қарсы мамандар тексермек болған. Наразы тұрғындар қоғамдық тыңдауларда жеткізуші газ құбырлары мен жабдықтарын дұрыс тексермей, өз қызметтері үшін екі есе ақы алатынын айтты. Сондай-ақ, тұрғындар газдың сапасына және оның қысымына наразы болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны