26.11.2021, 18:57 168087

Алматы СЭБД: корпоративтерге тыйым жоқ, бірақ шектеулер болуы мүмкін

Алматы СЭБД: корпоративтерге тыйым жоқ, бірақ шектеулер болуы мүмкін
Сурет: nastol.com.ua
АЛМАТЫ. 26 ҚАРАША - Қазір қолданыстағы карантиндік талаптарға сәйкес Алматыда Ashyq жүйесіне тіркелген орындарда жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынбайды, алайда шектеулер бар. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.
 
Оның айтуынша, келушілер мен мекеме қызметкерлерінің Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы болуы шарт. Сондай-ақ шектеулер Алматының жаңа жылдық мереке қарсаңында коронавирустың таралуы бойынша "жасыл", "сары", "қызыл" аймақта болуына қарай белгіленеді:
 
- "жасыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес;
 
- "сары" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 70 орыннан көп емес;
 
- "қызыл" аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 50 орыннан көп емес.
 

Алматы қаласының "жасыл" аймақта тұрақты болуы ең алдымен мегаполис тұрғындарына байланысты – коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыру, маска тағу режимі мен арақашықтықты сақтау", - деді Сәдуақас Байғабылов.

 
Оның сөзінше, Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантиндік талаптар, соның ішінде жаңа жылдық отырыстар мен басқа да іс-шараларды өткізуге қатысты шаралар күшейтіледі.
 
 
Айта кетейік, Алматыда 22 қарашадан бастап карантин талаптары жеңілдетілді.
 
Қала 14 қарашада "жасыл" аймаққа өтті.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны