13.03.2023, 09:13 19491

"Алматы жылу желілерінің" бас директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Сот 560 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады
"Алматы жылу желілерінің" бас директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
Сурет: Depositphotos
Алматы. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - "Алматы жылу желілері" ЖШС (АЖЖ) бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
 

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін сотталды: "Алматы жылу желілері" ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн. теңге сомасындағы айыппұлға; АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн. теңге сомасындағы айыппұлға; АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаев 560 млн. теңге көлеміндегі айыппұлға", - делінген хабарламада.

 
Сонымен қатар, Антикордың мәліметтері бойынша, пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн. теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.
 
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
 
Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд. 80 млн. теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.
 

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн. теңге сомасында пара алды деп күдіктенді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Бұған дейін "Астана-Зеленстрой" бас директоры пара алғаны үшін 185 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны