21.12.2022, 13:15 32016
Алматыда 2023 жылдан бастап 7,7 мың оқушы үшін "Мектеп автобусы" жобасы басталады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сондай-ақ, келер жылдан бастап мектептерде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіледі
Алматы. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда 2023 жылдан бастап қаланың 8 ауданындағы 29 мектепте 7,7 мың оқушы үшін "Мектеп автобусы" жобасы басталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты.
Оның айтуынша, тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі - көліктердің көптігі.
Осыған байланысты және Алматыда оқушыларды тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап қаланың 8 ауданындағы 29 мектепте 7,7 мың балаға арналған "Мектеп автобусы" жобасы басталады", - деп хабарлады ол.
Сонымен қатар, балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі маңызды басымдық болып табылады. Ата-аналар балаларының қауіпсіз мектептерде екеніне сенімді болуы керек.
Келер жылдан бастап мектептерде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіліп, "паника түймелері", өту жүйесі (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылады. Біз бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отырмыз, жалпы қаржыландыру көлемі 4,9 млрд. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд. тенге бөлінді", - деп толықтырды Ә.Нүсіпова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, заманауи инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік мектептер физика, химия, биология, информатика және робототехниканың жаңа буынының пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Тек 2023 жылдың өзінде жаңа модификациядағы 168 шкаф сатып алынады, бұл мақсатқа жергілікті қордан 2,1 млрд теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.01.2026, 10:45 6336
М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік
Сурет: Instagram/reporterkz
Достарға айту
Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар БАҚ-та пайда болған М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Министрлік мәліметінше, театрды жаңарту жұмыстары тоқтамаған.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді. Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады", - деп хабарлады министрліктен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 09:41 6581
Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Өткен жылдың желтоқсан айында ел тұрғындары радиохирургиялық ем алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,6 млрд теңге қаражаттарын алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
2025 жылдың желтоқсан айында радиохирургиялық емдеу әдістеріне төлем тағайындаумен біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 7 154 өтініш қаралды. Сөз сәулелік терапияның гамма-пышақ және киберпышақ сияқты әдістері (олар арқылы мысалы, ісік аурулары бар науқастарға операция жасалады) жайында болып отыр. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы шамамен 5,6 млрд теңге. Бір айдың көрсеткіші бағдарлама қолға алынған уақыттан бергі барлық нәтижеден айтарлықтай жоғары: 1 желтоқсанға дейін бұл санат бойынша жалпы нәтиже 548 млн теңге сомасына іске асырылған 507 өтінім болды. Сыртқы белсенділік күрт емес, бірақ кезең-кезеңмен арта бастады: 236 өтініш 204 миллион теңгеге орындалды, ал 2025 жылы орташа айлық көрсеткіш бұрын-соңды 10 деңгейіне жетпейтін", - делінген аталған орталықтыңTelegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Орталықтың мәліметінше, елтұрғындары бұған дейін стоматологиялық қызметтер үшін зейнетақы қорынан қаражаттарын көптеп шешіп алды.
Алайда, бұл салада алаяқтық белгілерінің байқалуына орай өткен жылдың қыркүйек айында оған тыйым салынды. Қарашада пластикалық отаға қордан ақша алу күрт артып, бұл қызмет түрі үшін де БЖЗҚ-дан ақша алуға тыйым енгізілді.
Ал қазіргі уақытта ел тұрғындары зейнетақы қорынан жоғарыда аталған радиохирургиядан бөлек орфандық ауруларға, радионуклидтік және радиойодтық, протондық емдеуге ғана қаражаттарын ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 19:04 10876
Әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдары жүргізеді
Достарға айту
Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандарынан құралған дәрігерлік комиссиялар әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізіп, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы - облыс әкімінің орынбасары.
Шақырылатын азаматтардың тізімін жасау, шақыртуларды жіберу және шақырылым іс-шараларын ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарының міндетіне жатады. Әскерге шақырылған азаматтар комиссиясының шақыруымен жиын пунктіне келуге міндетті.
Егер шақыртуды жеке тапсыру мүмкін болмаса, азаматтарды жеткізу міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі. Олар әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздеп, жеткізумен айналысады.
Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп әскерге шақыру ережесін бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Шақырылған азаматтар жиын пунктінде өзінің әскерге жарамдылық мәртебесі бойынша тексеруден өтеді.
Медициналық тексеру денсаулық сақтау органдарының мамандары арқылы жүргізіліп, сарбаздардың денсаулығы бағаланады, жарамдылық категориясы анықталады және олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылданады.
Заңды негіздер болса, азаматтарға әскерден кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Басқа жағдайларда олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлерге және әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберіледі.
Айта кетейік, 18-ден 27 жасқа дейінгі, әскерден кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ азаматтарды әскерге шақыру жылына екі рет - наурыздан маусымға және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 13:37 11326
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 490 мыңға жуық тапсырыс берді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 489,8 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және
т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 21:02 42756
Nestle өнімдері Қазақстан нарығынан кері қайтарылып жатыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Нестле Фуд Қазақстан" ЖШС Қазақстан аумағында сақтық шарасы ретінде балалар тағамының шектеулі партияларын ерікті түрде кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Inform.kz.
Компания мәліметінше, кері қайтарып алу құрғақ тез еритін сүт және қышқыл сүт қоспаларына, сондай-ақ аминқышқылдары негізіндегі емдік диеталық қоспаның белгілі бір партияларына қатысты. Бұл шешім сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта цереулид токсинінің болуы мүмкін деген ықтимал қауіпке байланысты қабылданған.
Нестле Фуд Қазақстан" уәкілетті органды хабардар етіп, қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Өнімді қайтару және қаражатты өтеу тәртібі туралы мәлімет жақын арада жарияланады.
Компанияның хабарлауынша, кері қайтарып алу тек шектеулі партияларға ғана қатысты және Қазақстанда сатылатын балалар тағамының басқа өнімдеріне әсер етпейді.
Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушылар тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне хабарласа алады: 8 800 080 55 44.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 21:51 48641
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Достарға айту
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады.
Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді.
Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін.
Бұл бірқатар факторларға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:
- базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
- радиоортаның ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
- желіні бір уақытта көп абоненттің пайдалануы;
- желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізу.
Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді.
Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 12:31 48291
Евгений Мұхамеджанов: "Көлік аз болса, ауа таза болады"
Достарға айту
Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов тіпті ең заманауи автокөліктердің өзі ұсақ дисперсті шаңның көзі болып қала беретінін айтты. Бұл 10 микроннан кіші бөлшектер ауаға көтеріліп, тыныс алу жолдарына еніп, денсаулыққа зиян келтіреді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Көлік аз болса, ауа таза болады", - деп сарапшы қала тұрғындарын мүмкіндігінше қоғамдық көлікке немесе велосипедке отыруға шақырды. Әсіресе, орталықта тұратындар көліктен мүлде бас тарта алады. Алматының климаты мүмкіндік беретіндіктен, күндіз орталықтағы жұмысты қоғамдық көлікпен немесе жаяу бітіруге болады. Алғашқы болып жауапкершілік пен экосананы ауқатты азаматтар мен бизнес өкілдері көрсетуге тиіс.
Лондонда жеке көлік қымбат әрі ыңғайсыз, Дубайда жүк көліктері тек түнде жүруге рұқсат алады, ал Бейжіңде қатаң шаралардың арқасында ластану деңгейі 55%-ға төмендеді. Бұл қалалардың барлығында сапалы қоғамдық көлік жүйесі құрылды", - деп ол нақты мысалдар келтірді.
Әсет Тазабеков: "ЖЭО мен жекеменшік моншалар - ластану деңгейіне айтарлықтай әсер етеді"
Ренессанс плюс" компаниясының директоры Әсет Тазабековтің айтуынша, Алматы көшелерінде күн сайын 1 миллионнан астам автокөлік жүреді, олардың бір бөлігі экологиялық талаптарға сай келмейді. Ластанудың едәуір үлесін жылу электр орталықтары, соның ішінде жылына шамамен 39 мың тонна шығарынды бөлетін 1-ЖЭО бар.
Егер газға көшсек, шығарындыларды жиырма есеге дейін азайтуға болады", - деді ол.
Сондай-ақ, сарапшы қатты отын пайдаланатын жекеменшік нысандардың әсерін айтты: қалада 13 мыңнан астам монша мен шамамен 500 кәуапхана бар.
Райдин Қасымов: "Басты басымдық - автопаркті жаңарту"
Қазақстанның экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов Алматыда атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелерді енгізуді қолдайды.
Оның айтуынша, шыққанына 12 жылдан асқан автокөліктерде уыттылық деңгейі 84%-ға дейін артады, ал бір ғана ақаулы көлік ластаушы заттың түріне қарай 6-14 есе көп зиянды қалдық шығарады.
Алматыда мұндай көліктердің саны 80 мыңға дейін жетуі мүмкін, ал олардың қоршаған ортаға әсері 500 мыңнан 1 миллионға дейін жарамды көліктің үлесіне тең болуы мүмкін", - деді ол.
Шығарылатын заттардың қатарында көміртек тотығы, көмірсутектер, PM2.5 және PM10 бөлшектері, азот оксидтері бар. Бұл заттар әсіресе, балалар үшін өте қауіпті.
Автопаркті жаңарту мен электр көліктерін дамыту - басым бағытқа айналуға тиіс", - деді сарапшы.
Елена Ерзакович: "Төмен шығарындылар аймағы - қала тұрғындарының әдетін өзгертуге мүмкіндік"
Көлік және экология саласының сарапшысы Елена Ерзаковичтің айтуынша, Алматыда төмен шығарындылар аймақтарын енгізу тұрғындардың көлікпен жүру дағдысын өзгертуге көмектеседі.
Бұл жай ғана шектеу емес, қаланың болашағы туралы ойлануға берілген мүмкіндік", - дейді маман.
Ол үш негізгі қадамды бөліп көрсетті:
- Қала ішінде қозғалысты азайту (пандемия кезіндегідей);
- Электромобильдер мен қоғамдық көлікті дамыту;
- Көліктің қоршаған ортаны азырақ ластайтын технологияларды жетілдіру.
Кешенді тәсіл - ұзақ жол, бірақ ол қажет", - дейді Елена Ерзакович. Оның айтуынша, бүгінде Алматыдағы автокөліктердің шамамен 15%-ы экологиялық талапқа сай келмейді, сондай-ақ, шығарындылардың едәуір бөлігі жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен қатты отын пайдаланатын нысандардан бөлінеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 18:38 85091
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Достарға айту
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.
Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда", - деді Серік Шумаев.
Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет - қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", - деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.01.2026, 12:042025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2026, 11:50 6511Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды09.01.2026, 09:41 6476Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады09.01.2026, 10:45 6231М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік09.01.2026, 15:43 4156Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
06.01.2026, 20:48 122091Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі06.01.2026, 20:02 115471Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті06.01.2026, 19:34 1021262026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық07.01.2026, 09:29 100856Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 100536Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады
17.12.2025, 17:47 232246Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227761Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226046Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223041Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214041Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

