03.05.2023, 08:16 18856

Алматыда ата-аналар балаларын тегін секциялар мен үйірмелерге жаза алмады

Кезектің ашықтығы пен оның әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін кезекке тұру бүгін, яғни 3 мамыр сағат 18:00-де қайта басталады
Алматыда ата-аналар балаларын тегін секциялар мен үйірмелерге жаза алмады
Сурет: Depositphotos
Алматы. 3 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше, 2 мамыр күні, кешкі 18.00-де алматылық ата-аналар үшін баласын үйірмеге кезекке тұрғызу басталды. Алайда көпшілігі кезекке жазыла алмады. Өйткені DamuBala платформасы дұрыс жұмыс істемей тұр.

Бұл жағдайға орай DamuBala жүйесі ресми түсінік берді.

Құрметті DamuBala жүйесін қолданушылар! Өкінішке қарай, бізге байланысты емес себептермен Алматыда кезекке тұру мүмкіндігі бүгін жүзеге аспады. Кезектің ашықтығы пен оның әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін кезекке тұру бүгін, яғни 3 мамыр сағат 18:00-де қайта басталады", - деп жазды тегін үйірмелер мен секциялар бағдарламасының операторы Instagram парақшасында.


Еске салайық, damubala.kz платформасы ArtSport орнына жан басына қаржыландыру бағдарламасы үшін іске қосылған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны