25.04.2023, 09:57 64861

Екінші мамырда Алматыда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады

Екінші мамырда Алматыда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады
26 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер мен жаңадан қосылушылар үшін жеткізушілердің жұмысына кәсіпкерлерден өтінім тіркеуді бастайды

Алматы. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл 26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлады мегаполис әкімдігі.

Бүгінде пайдаланушыларға қосымша мүмкіндік пен ыңғайлы жағдай ұсынатын www.damubala.kz атты жаңа ақпараттық жүйеге көшу аяқталды. 2023 жылғы 3 наурыздан бастап Алматы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру кезіндегі көптеген кемшілікті алдын алады. Мысалы, тегін секциялар мен үйірмелерді тіркеу және дұрыс көрсетпеу фактілері кездесті", - делінген ведомствоның хабарламасында.


26 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер мен жаңадан қосылушылар үшін жеткізушілердің жұмысына кәсіпкерлерден өтінім тіркеуді бастайды.

2 мамырда сағат 18:00-ден бастап ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын тіркей алады.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Алматы қаласындағы жеткізушілер мен ата-аналар үшін платформаны әзірлеушінің Telegram қолдау қызметі бар: https://t.me/almatydamubala (ата-аналар үшін), https://t.me/almatypostavshik (жеткізушілер үшін).

Анықтама үшін қосымша байланыстар:

- Алматы қаласының спорт басқармасы: 2924167;

- Алматы қаласының мәдениет басқармасы: 2720317;

- Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты: 2998649;

- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 2725698;

- Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 3032558;

- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 2755068;

- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 3842760;

- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты: 2916494;

- Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 3074553;

- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 2231115;

- "DamuBala" платформасын әзірлеуші: +77750075920.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны