29.08.2025, 18:46 120336
Алматыда Қазақстандағы алғашқы энергетикалық қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынады
Сурет: depositphotos
Достарға айту
Алматы қаласы әкімдігінде "Қалдықтарды кәдеге жарату негізінде электр энергиясын өндіру" жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен қытайлық инвестор - "Junxin Environmental Protection (Almaty)" ЖШС қол қойды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жоба стратегиялық тұрғыдан аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің ең ірі мегаполисі үшін бұл тек жаңа инвестициялық жоба ғана емес, заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Әкімнің айтуынша, Алматыда жыл сайын шамамен 1 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық түзіледі. Сондықтан дәл осы қалада мұндай ауқымды бастамаларды іске асырудың маңызы зор. "Жаңа инновациялық зауыт қоқысты полигондарға көму көлемін айтарлықтай қысқартып, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жоба жасыл экономиканы дамытуға елеулі үлес қосып, қазіргі және келер ұрпақтың игілігіне қызмет етеді деп сенеміз", - деді Дархан Сатыбалды.
Болашақ зауыт Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған алғашқы кәсіпорын болады. Ол зиянды шығарындыларды барлығын толықтай ұстап, Еуропалық одақтың экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сай жұмыс істейді. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1600-2000 тонна қалдықты өңдеуге есептелген. Соның нәтижесінде 60 МВт электр энергиясы өндіріледі. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 280 миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен және көпсатылы тазарту кешенімен жабдықталады. Бұл қоршаған ортаға түсетін ықпалды барынша азайтып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтармен қатар, медициналық және қалалық қалдықтарды, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыстарынан шыққан тұнбаларды кешенді қайта өңдеу қарастырылған. Оның базасында электр және жылу энергиясын өндіру, жаңартылатын энергия көздерінде деректерді өңдеу, кадр даярлау және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру орталығын құру бағыттарын дамытады. Құрылыс кезеңінде шамамен 700 уақытша жұмыс орны ашылады. Ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-дан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған негізгі бағыттардың бірі. Алматыда осы жобаны жүзеге асыру пилоттық бастамаға айналып, еліміздің өзге өңірлерінде де осындай өндірістерді дамытуға үлгі болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 23:30 10696
Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі Куала-Лумпур қаласының әкімдігімен бірлесіп, Түркістан облысының Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясы мен қала әкімдігінің оркестрінің қатысуымен қазақ және малайзия халық өнерінің бірегей фьюжн-концертін ұйымдастырды. Іс-шара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында өтіп, Қазақстанның бай мәдени мұрасын шетелде кеңінен насихаттауға бағытталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Концерт бағдарламасында қазақ халқының болмысы мен тарихын, рухани құндылықтарын айшықтайтын дәстүрлі қазақ билері, музыкалық және вокалдық шығармалар ұсынылды. Өз кезегінде Куала-Лумпур қаласы әкімдігінің халықтық оркестрі Малайзия музыкалық өнерінің жарқын үлгілерін тарту етті. Өнерпаздардың жоғары кәсіби шеберлігі, әсем ұлттық киімдері мен мазмұнды бағдарлама көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, жылы ықыласына бөленді.
Қазақстан Республикасының Егемендігінің 35 жылдығына арналған концерт екі ел арасындағы мәдени көпірге айналып, Малайзия Үкіметінің өкілдерін, дипломатиялық корпус мүшелерін, мәдениет және қоғам қайраткерлерін, іскер топтарды, сондай-ақ қазақстандық диаспораны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің 400-ден астам достарын бір арнаға тоғыстырды.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Малайзияның Жоғары білім министрі Замбри Абдул Қадыр және Малайзия Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Джохари бин Абдул болды.
Музыка - баршаға түсінікті әмбебап тіл. Бүгінгі концерт мәдениет арқылы халықтарымызды жақындастырып, болашақ әріптестікке берік негіз қалайтынымызды айқын көрсетті", - деп атап өтті Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев.
Қонақтар концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай мәдени бастамалардың Қазақстан мен Малайзия халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы маңызын ерекше бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 23:10 10946
Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның мәдениет орталығында "Қазақстанның достары клубының" 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшілері, мемлекеттік органдардың, Орталық Азия өңірі бойынша маманданатын академиялық орта мен бейіндік зерттеу институттарының өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар Қазақстанның өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды үрдістері мен өсімінің жаңа белгілері туралы мазмұнды пікір алмасты. Дамудың ұлттық стратегияларының ұштасуы, Қазақстанның өңірлік және халықаралық бастамаларға қатысуы, сонымен бірге екі елдің сарапшылары арасындағы диалогты одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің сөзінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға кешенді шолу жасады. Ол мемлекеттік басқаруды жаңғырту, мемлекеттілік институттарын нығайту және "Әділ Қазақстанды" құру Қытайды қоса алғанда, сыртқы әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін сапалы жаңа негіз қалыптастарын атап өтті.
Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің тұрақты әрі кешенді дамуын атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастардың серпініне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол сауда, инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, энергетикадағы ынтымақтастық, көліктік-логистикалық өзара байланыстарды және мәдени-гуманитарлық алмасуларды дамыту сияқты негізгі бағыттарға ерекше көңіл бөлді.
Ш.Нұрышев ағымдағы жылы жоғары деңгейде бірқатар жемісті сапарлар өткенін және олардың нәтижесінде өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді бағдарлары айқындалғанын және екі елдің стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ынталы екенін растағанын атап өтті.
Отырыста сөз сөйлегендер, соның ішінде Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшілері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынасты қалыптастыру мен дамытудағы рөлін және ерекше үлесін, Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағдарының бірізділігін, сондай-ақ Астана мен Бейжің арасында сақталған жоғары деңгейлі саяси сенімді жоғары бағалады. Олар Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы маңызды серіктесі екенін, ал екі ел арасындағы ынтымақтастық өңірдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
Қазақстанның Қытайдағы достары Клубы" қазақ дипломаттары, ҚХР мемлекеттік органдары мен Орталық Азия бойынша жетекші қытай мамандары арасында тұрақты пікір алмасуға арналған сараптамалық алаң болып табылады. 2015 жылдан бері өткізілетін Клуб отырыстары өзекті ішкі саяси, экономикалық және өңірлік процестерді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты және көпсалалы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 22:01 11246
Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Прага қаласындағы "Петршины" муниципалдық кітапханасында "Қара сөздер" кітабының чех тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Чехияның академиялық және қоғамдық орта өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Прага жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кітаптың жарық көруі еуропалық оқырманды ұлы қазақ ойшылының терең философиялық мұрасымен таныстыруға мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Чехия арасындағы гуманитарлық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететіні аталып өтті. Басылым чех оқырмандарына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әлі де өзектілігі сақталған Абайдың құндылықтары мен идеяларына жол ашады. Екі елдің халқы арасындағы өзара түсіністікті дамытуға және диалогты кеңейтуге бағытталған мәдени бастамалардың маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.
Чехиялықтар Абай шығармашылығымен танысу Қазақстанның ұлттық мұрасын тереңірек түсінуге ықпал ететінін және елдің мәдени болмысына деген еуропалық аудиторияның қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.
Кездесудің маңызды бөлігі ретінде кітапхана қорына "Қара сөздер" кітабының даналарын табыстау рәсімі өтті. Бұл көпшілік оқырман қауымына кітаптың қолжетімді болуын қамтамасыз етті. Іс-шара барысында ақынның өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділер оқылып, домбырада күйлер шертілді. Тұсаукесер соңында қазақы қонақжайлылық пен достық қарым-қатынастың белгісі ретінде дәстүрлі дастарқан жайылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 20:37 13831
Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумы жұмысына қатысты. Іс-шара Ресей, Қазақстан және Қытай мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Бұл елдерді Еуразиядағы ең ірі трансшекаралық су артериясы - Ертіс өзені біріктіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форумға Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан және Ертіс алабында орналасқан Ресей Федерациясының өңірлерінен өкілдік делегациялар қатысты. Омбы облысына Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, Абай облысының әкімі Берік Уали және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов келді.
Делегация басшылары Ертістің көлік дәліздерін дамыту, өндірістік кооперацияны кеңейту және гуманитарлық жобаларды іске асыру үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Форум қатысушылары 2026 жылы логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа мәдени-білім беру бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Форум нәтижесінде болашақ ынтымақтастық күн тәртібін айқындайтын үш құжатқа қол қойылды: Омбы облысының Үкіметі мен Павлодар облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени салалардағы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі Меморандумды іске асыру мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Омбы облысының Үкіметі мен Абай облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастықты осы бағыттар бойынша нығайтуға бағытталған Меморандумды іске асыру шеңберінде 2025-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Омбы облысының Мәдениет министрлігі мен Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы арасында мәдениет саласындағы ведомствоаралық келісім.
Форум барысында жасалған барлық ұсыныстар мен уағдаластықтар одан әрі пысықтау және практикалық іске асыру үшін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясына жолданатын болады.
Форум бағдарламасы аясында Қазақстан делегациясының басшылары Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко мырзамен бірге Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығына барды. Онда өңірдегі қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесу өтті.
Қазақстан тарапынан келген қонақтар қазақ диаспорасының ұлттық мәдениетті, тілді және дәстүрлерді сақтау және дамыту бағытындағы белсенді жұмысына ризашылықтарын білдірді. Тараптар Қазақстан өңірлерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты. Кездесу соңында естелік сыйлықтар алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 19:32 14061
"Қажымұқан" фильмі варшавалық көрерменге таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі режиссёр Қанағат Мустафиннің "Қажымұқан" кинофильмінің көрсетілімін ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, қоғамдық-саяси және бизнес қауымдастықтарының жетекшілері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен студенттері қатысты.
Кіріспе сөзінде Елшілік қазақстандық киноның еліміздің тарихы мен дәстүрлерін, сондай-ақ халқымыздың көрнекті тұлғаларын Польша көрермендеріне таныстыруда маңызды рөл атқарып келе жатқанын атап өтті.
Көрермендер фильмді жылы қабылдап, оның авторларының шеберлігін және Қажымұқан тұлғасының Қазақстанның ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы маңызын бағалады.
Көрсетілімнен кейін бейресми пікірталас өтіп, кейіпкердің мәдени жне өмірбаяндық қырлары, фильм авторларының қазақстандық өнерді халықаралық деңгейде насихаттаудағы үлесі, сондай-ақ Польшада алдағы уақытта кинокөрсетілімдерді жалғастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Көптеген көрермендер мұндай іс-шараларды жиірек өткізу қажеттігін білдіріп, олардың мәдени байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және Қазақстан туралы көрермендердің танымын кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.
Көптеген көрермендер мәдени байланыстарды нығайтып, бір-бірін жақсырақ түсінуге ықпал ететін және Қазақстан туралы түсінікті кеңейтетіндіктен, мұндай көрсетілімдерді жиірек өткізу керек деген пікір білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 19:25 14431
Ыстанбұлда Абайдың 180 жылдығына арналған "Қара сөздер" байқауы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Ыстанбұл қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектепте ақынның "Қара сөздерін" мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Байқауға 5-11 сыныптардан 30-дан астам оқушы қатысып, қазақ руханиятының алтын қазынасы саналатын Абайдың қара сөздерін көркем жеткізу арқылы өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шараның басты мақсаты - Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, оның еңбектерін шетелде насихаттау, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту болды.
Байқау барысында қатысушылар Абайдың терең философиялық ойларын жүрекпен сезініп, мазмұнын өз мәнерімен жеткізуге талпынды. Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар Абай шығармаларын оқу олардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара соңында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл байқауға қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, олардың білімге деген ұмтылысы мен белсенділігін жоғары бағалады. Сонымен қатар Бас консул Абай мұрасының жастардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы маңызына ерекше тоқталып, мұндай мәдени бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 17:20 29196
KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі KazAID агенттігіне бес жыл толды. Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ресми даму көмегi саласындағы ұлттық оператор ретінде құрылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы ұйым болып табылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы кезең ішінде KazAID Қазақстанның жаһандық дамуға қосқан нақты үлесін іске асыратын тиімді құралға айналып, елдің халықаралық көмекті алушы мемлекеттен табысты тәжірибесін бөлісетін донор елге айналғанын көрсетті. Бүгінде KazAID цифрландыру, білім беру және медицина салаларында жобаларды жүзеге асырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы мен адами капиталын нығайтуға қолдау көрсетуде.
KazAID Қазақстанның үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, сарапшылар арасындағы білім алмасуды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бес жыл ішінде 34 млн АҚШ долларынан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді, ал ресми даму көмегі жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 183 млн АҚШ долларына жетіп, 40-тан астам елді қамтыды.
KazAID-тің миссиясы - нәтижеге бағытталған техникалық көмек көрсету арқылы серіктес елдерде орнықты және инклюзивті дамуға жәрдемдесу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 15:53 31091
Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ыстанбұлда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы бірлесе ұйымдастырған Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара қала тұрғындарының, қазақ диаспорасы өкілдерінің және Ыстанбұлдың ресми құрылымдарының үлкен қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестивальдің ашылуына және жұмысына Ыстанбұл қаласының билік өкілдері қатысып, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени алмасуды дамытуға бағытталған бастаманы қолдады. Олардың қатысуы екі бауырлас елдің гуманитарлық ынтымақтастығының маңыздылығын айқындап, бұл іс-шараның қаланың қоғамдық-мәдени күн тәртібіндегі өзектілігін арттырды.
Бағдарлама аясында көрермендерге отандық кинематографияның төрт маңызды туындысы ұсынылды: тарихи драма "Қажымұқан", классикалық шығарманың экранизациясы "Менің атым Қожа", биографиялық фильм "Әміре", сондай-ақ ауқымды тарихи бағыттағы "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмі. Қазақ тіліндегі фильмдердің субтитрмен көрсетілуі түрік көрермендеріне Қазақстанның мәдениеті мен тарихи сюжеттерімен тереңірек танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Көрермендер ұсынылған туындылардың жоғары көркемдік деңгейін және ұлттық құндылықтарды, тарих пен Қазақстанның мәдени байлығын көрсететін терең мазмұнын ерекше атап өтті. Фестиваль қазақ киносының мәдени дипломатия құралы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын, Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосатынын дәлелдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.12.2025, 10:17Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 16.12.2025, 11:19 11806Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады16.12.2025, 13:21 11556Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті16.12.2025, 12:41 10261Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады16.12.2025, 14:37 6811Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
10.12.2025, 17:08 146661Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 142816Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды10.12.2025, 16:01 142441Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 133356Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады11.12.2025, 12:38 124411Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда
19.11.2025, 16:26 147356Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 147031Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады10.12.2025, 17:08 146661Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады19.11.2025, 13:23 146201Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады10.12.2025, 16:10 142816Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

