01.11.2021, 20:15 42665

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді
АЛМАТЫ. 1 ҚАРАША - Алматының "сары" аймаққа көшуіне байланысты карантин талаптары жеңілдейді.
 
Алматыда "сары" аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап "қызыл" аймақтың карантин шектеулері алынып тасталды. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.
 
Оның айтуынша, Алматы қаласының "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткеніне жеті күн болды. Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейді.
 
Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілген.
 
Аталған қаулыға сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: 
 
- жұмыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; 
 
- демалыс күндері – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі.
 
Еске салайық, Алматы 25 қазанда "сары" аймаққа өткен болатын. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны