13.10.2022, 15:55 17676

Алматыда LRT трамвай үлгісіндегі болады

Алматыда LRT трамвай үлгісіндегі болады
Сурет: almaty-lrt.kz
Алматы. 13 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда LRT трамвай үлгісінде болады, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.
 

Жақында Мемлекет басшысы Павлодарда Алматы трамвайына қатысты ойын білдірді. Біз қаланы дамыту жоспарына енгізген жаңа жоба – бұл төмен еденді трамвай типті LRT. Келесі жылдың көктемінде жобаның құнына қатысты түпкілікті шешім қабылдаймыз. Төле би көшесінде LRT болады", - деді Ерболат Досаев.

 
Ол Саяхат автовокзалынан желілерді қосып, Ақсайға дейін созу қала үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ерболат Досаевтың айтуынша, жерді сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол келесі жылдың көктемінде жобаның қалай жүзеге асатынын айтуға уәде берді.

Ақпарат көзі: almaty.tv
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны