15.04.2021, 18:05 11944

Алматылықтар Қастеев атындағы мұражайда COVID-19-ға қарсы вакцинасын ала алады

АЛМАТЫ. 15 СӘУІР - Вакцинация кабинеті өнер мұражайының бірінші қабатында орналасқан.
 
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Алматы қаласының №12 емханасынан мобильді егу пункті ашылды. Емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Тоғжан Әбілдаева олардың вакцинация пункті де басқалар сияқты сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін айтты.
 

Вакцинациядан кейін пациенттер "Өнер" көрме павильонының екінші қабатына күту үшін өтеді, онда дәрігердің бақылауымен 30 минут өткізу қажет. Бұл кезде көңілге жағымды дүние мен пайдалыны біріктіруге болады", - дейді Тоғжан Әбілдаева.

 
Аталған егу пункті "Көктем-3" шағынауданында орналасқан. Бөлмелер санитарлық нормаларға сәйкес жабдықталды. Күту залдарында және вакцинадан кейінгі аймақта әлеуметтік қашықтық сақталған. Өзімен бірге жеке куәлік болуы тиіс.
 
Вакцинация алғандардың қатарында қала тұрғыны Шәмша Әжібаева бар. Ол екпеден кейінгі әсерімен бөлісті.
 

Қазір БАҚ мен интернетте вакцинация туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Мен ауырып қалмау үшін вакцина алуды жөн санадым, әрқайсымыздың үйімізде туған-туыстарымыз, балаларымыз күтіп отыр, оларға қауіп төндіргім келмейді", - дейді алматылық Шәмша Әжібаева.

 
Айта кетейік, қазір қалада 200-ден астам вакцина егу пункттері бар. Халықтың барлық топтары үшін коронавирус инфекциясына қарсы екпе тегін жүргізіледі.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны