22.06.2026, 16:35 1596

Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам жанармайды заңсыз шығару жолдары кесілді

Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам жанармайды заңсыз шығару жолдары кесілді
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда автомобиль өткізу бекеттері арқылы жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.

ЖЖМ экспорттауға тыйым салу шаралары қолданылған кезеңде Энергетика министрлігі жанармайды шетелге заңсыз шығарудың алты арнасының жұмысын тоқтатты. Заңсыз айналымнан 1,5 мың тоннадан астам жанар-жағармай тәркіленді.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары сегіз қылмыстық іс тіркеді. Олардың қатарында 28,5 мың тонна есепке алынбаған мұнайды заңсыз өңдеу және 190 мың тоннадан астам бензинді контрабандалық жолмен шығару фактілері бар. Бұл схемалар бойынша көлеңкелі айналым көлемі 37,2 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі көліктерді қайта жабдықтау арқылы жанармай шығарудың заңсыз схемаларын анықтап жатыр. Осы мақсатта қосымша жанармай бактарын орнатуы мүмкін техникалық қызмет көрсету станцияларында тексерулер жүргізілуде.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында сәуір айының соңынан маусым айының ортасына дейін қосымша жанармай бактары мен газ баллон жабдықтарын заңсыз орнатудың 73 фактісі анықталды. Қордай ауылында 16 техникалық қызмет көрсету станциясы тексеріліп, олардың алты иесіне қатысты шаралар қабылданды.

Бұған дейін Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанармай тапшылығына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны