22.06.2026, 11:52 886

Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды

Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 582,4 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,6%-ға өсті, деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның Бельгияға экспорты 311,5 млн долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 48%-ға артқан. Ал, Бельгиядан импорт көлемі 10,1%-ға өсіп, 270,9 млн долларды құрады.

Көңіл толарлық өсу 2026 жылы да сақталып, биылғы жылдың алғашқы төрт айында екіжақты тауар айналымы 179,5 млн долларға жеткен. Оның ішінде қазақстандық экспорт 100,5 млн долларды, импорт 79 млн долларды құраған.


Бельгия Қазақстан экономикасындағы ең ірі еуропалық инвесторлардың бірі және бірегейі болып қала береді. 2005-2025 жылдар аралығында Бельгиядан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 14,8 млрд доллардан асса, тек 2025 жылдың өзінде тартылған инвестиция көлемі 1,045 млрд долларды құрады.

Бүгінде Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110 кәсіпорын жұмыс істейді. Іскерлік байланыстарды дамытуға 2023 жылдың мамыр айында құрылған "Қазақстан - Бельгия" Іскерлік кеңесі де ықпал етуде.


Экономикалық ынтымақтастықпен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар да дамып келеді. 2025-2026 жылдары Брюссель мен Гент қалаларында қазақ мәдени орталықтары ашылып, Қазақ мәдениеті апталығы өткізілді. Сонымен қатар, Shanyraq Dialogues және Shanyraq Fest жобалары іске қосылды.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 тамызда орнатылған. Осы уақыт ішінде тараптар берік шарттық-құқықтық базаны қалыптастырып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастырып келеді.


Естеріңізге сала кетсек,, 22-23 маусым күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны