22.06.2026, 11:20 1036

Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады

Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады
Сурет: Halyk Bank
Halyk Bank, Alatau City Bank және Alatau City Authority Қазақстанның жаңа инновациялар, технологиялар, инвестициялар және кәсіпкерлік орталығы ретінде Алатау қаласын кешенді дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров, Halyk Bank басқарманың төрайымы Үміт Шаяхметова және Alatau City Bank директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов қол қойды. Келісімге қол қою Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Алатау қаласын дамыту міндеттерін іске асырудағы кезекті қадам болды. Мемлекет басшысы Алатауда инвестициялар, таланттар, технологиялар мен жаңа өндірістерді тартатын заманауи инновациялық экожүйе қалыптастырудың стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен.

«Алатау қаласы инновация, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктесі ретінде құрылуда. Осы мақсаттарға жету үшін мемлекет, қаржы институттары мен бизнес арасында берік серіктестік қалыптастыру маңызды. Қол қойылған келісім заманауи қалалық ортаны дамытуға және Алатаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін тараптардың құзыреттерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Меморандум аясында жасанды интеллект, экономика (low-altitude economy), «ақылды қала» технологиялары, заттар ғаламторы (IoT), WEB3, цифрлық активтер, финтех, нақты активтерді токенизациялау және қалалық инфрақұрылымға озық цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық көзделген.


Алатау қаласын дамыту Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді.

«Елдегі ең ірі қаржы институты ретінде біз цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық технологияларды енгізуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларға белсенді қатысамыз. Мемлекет, қаржы секторы және бизнес күш-жігерін біріктіру Алатауда тұрақты экономикалық даму үшін заманауи экожүйе құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті  Үміт Шаяхметова бұл бастаманың маңыздылығына тоқтала отырып.

Сонымен қатар, тараптар жоғары технологиялық өндірістер, көлік және логистика, туризм, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық аясында бірлескен жобаларды іске асыруға, инвестициялар тартуға, инновациялық технологияларды енгізуге және халықаралық стандарттарға сай заманауи қалалық ортаны дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделген.


Қуат Қожахметов Алатау қаласын дамыту жобасының ел үшін маңыздылығына тоқтала отырып, «Біз Алатау қаласын дамыту сияқты ел үшін маңызды жобаға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Қазақстанда криптоиндустрия мен дәстүрлі банк жүйесін біріктіру саласының пионері ретінде біз бұл “болашақ қаланы” цифрлық активтерді қоса алғанда, озық қаржылық және технологиялық шешімдерді енгізетін алаң ретінде қарастырамыз. Қол қойылған келісім мемлекет пен қаржы институттарының мүмкіндіктерін жаңа буын жобаларын іске асыру үшін біріктіреді. Мұндай серіктестік Алатаудың дамуын жеделдетіп, оны Орталық Азиядағы инвестициялар мен инновациялардың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырады деп сенеміз», – деп атап өтті.

Қол қойылған меморандум рамалық сипатқа ие. Нақты жобалар мен оларды іске асыру тетіктері тараптар арасында қосымша келісіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке келісімдер арқылы рәсімделетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны