22.06.2026, 14:24 506

Рахымбаев Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды

Рахымбаев Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY академиясында "Экономика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2013 жылы "МФО 1 кредит" ЖШС-ның несие менеджері болып бастаған.

Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны