13.07.2015, 10:42 2774

Армияныӊ спортшысы Оӊтүстік Кореяда өткен Универсиадада Қазақстанға алтын медаль әкелді

Армияныӊ спортшысы, ҚР Қарулы Күштерініӊ қызметкері Нұрсұлтан Мамаев Оӊтүстік Кореяда өткен Универсиадада бірінші орынды жеӊіп алды. Финалда Еуропа ойындары - 2015 чемпионы, 57 кг салмақ санатындағы португалиялық Руи Браганканы жеӊіп, сәтті ойын көрсетті.

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Армияныӊ спортшысы, ҚР Қарулы Күштерініӊ қызметкері Нұрсұлтан Мамаев Оӊтүстік Кореяда өткен Универсиадада бірінші орынды жеӊіп алды. Финалда Еуропа ойындары - 2015 чемпионы, 57 кг салмақ санатындағы португалиялық Руи Браганканы жеӊіп, сәтті ойын көрсетті. Осылайша, халықаралық сыныптағы спорт шебері, Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысушы, Австралия Оупен-2015" турнирініӊ жеӊімпазы біздіӊ құраманыӊ қоржынын тағы да бір алтын медальмен толықтырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізге сала кетсек, Универсиада - 2015 Оӊтүстік Кореяныӊ Кванджу қаласында шілденіӊ 6-16 аралығында өтеді. ҚР Қорғаныс министрлігі Армияныӊ орталық спорт клубынан жеті спортшысы біздіӊ құраманыӊ атынан шығады. Олар спорттыӊ екі түрінен, атап айтсақ, таэквонда және дзюдодадан сайысқа түседі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Таэквондо бойынша топ құрамында Қазақстанныӊ чемпионы, 2012 жылы әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатыныӊ қола жүлдегері кіші сержант Мереке Жүнісова, ҚР және халықаралық турнирлердіӊ чемпионы қатардағы жауынгер Руслан Жапаров, спорт шебері, ҚР чемпионы қатардағы жауынгер Марат Ибдіқалиев, ҚР ҚК қызметкері - Лондон олимпиадасына қатысушы, ҚР чемпионы Нұрсұлтан Мамаев және спорт шебері, ҚР чемпионы Азамат Теӊізбаевтар да бар. Топ жаттықтырушысы - таэквондо бойынша Қазақстанныӊ және Ресейдіӊ екі мәрте чемпионы, 1995 жылы әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионыныӊ күміс жүлдегері капитан Инуар Үсенов.

Сонымен қатар, Универсиадаға ҚР ҚМ АОСК спорт шебері, дзюдо бойынша Қазақстанныӊ және халықаралық турнирлердіӊ чемпионы қатардағы жауынгер Гумар Қырғызбаев қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны