28.06.2022, 16:24 15636

Қаржы министрлігі зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ - Жамаубаев

Қаржы министрлігі зейнет жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ - Жамаубаев
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Қаржы министрі – Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, зейнет жасын төмендету мәселесі қаржылық жағынан әлі қаралған жоқ.
 

Үкіметте бұл сұрақ қаралмады, біз қолданыстағы заңмен жұмыс істеп келеміз. Ұлтымыз, құдайға шүкір, жас ұлт болып есептеледі. Еңбек министрлігі әртүрлі тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді, соның ішінде күміс жас бағдарламасына қаражат бөлініп жатыр", – деді Жамаубаев.

 
Оның айтуынша, елде зейнетақы төлеуге жыл сайын 2,2 трлн теңге бөлінеді. Егер зейнет жасы төмендейтін болса, тағы қосымша қаражат керек болады. 
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 16 маусымда зейнет жасын төмендету мәселесі қаржылық жағынан қаралуы керек екенін айтқан.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны