12.06.2008, 10:36 1439

Аштық жариялаған алматылықтардың үйлері бұзу аймағынан шығарылады

Аштық жариялаған алматылықтардың үйлері бұзу аймағынан шығарылады

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Аштық жариялаған алматылықтардың үйлері бұзу аймағынан шығарылады. Бұл туралы Алматы қаласының Ил-Фараби - Розыбакиев - Қожабеков - Гагарин көшелерінің аралығындағы үйлердің аштық жариялаған тұрғындарымен кездесуде "Сити Сервис Инвест Строй" ЖШС атқарушы директоры Талғат Даденов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен қазіргі уақытта аштық жариялап жатқан және біз объективті себептермен келісімге келе алмаған адамдар тәркілеу туралы қаулыдан шығарылуын өтініп, әкімдікке арыз жаздым. Бұл арызды жер комиссиясы қарастырады", - деп мәлімдеді Т. Даденов.

Ол сондай-ақ, меншік иелеріне соңғы рет баламалы үй нұсқаларын ұсынуға дайын екенін хабарлады.

Т. Даденовтың айтуынша, тәркілеу туралы қаулыдан аштық жариялауға осы аптада қосылғандар аудан тұрғындары да шығарылады. Сонымен қатар, құрылыс салушы өз үйлерінен кеткілері келмей отырған аштық жарияламаған аудан тұрғындарының да арыздарын қарастыруға дайын. Жоғарыда айтылған мәлімдемені іске асыру үшін "Сити Сервис Инвест Строй" компаниясы ауданның құрылыс жобасын қайта қарастыруға тура келген.

Т. Даденов сонымен бірге, сот шағымдары негізінен айтарылып алынатынын хабарлады. Ал шешім шығарылып қойылғандар үшін қосымша түсініктемелер беріледі.

Ал аштық жариялағандардың айтуларынша, олар өздерінің қарсылық акцияларын тек тәркілеуден шығарылғандары жөніндегі мәліметтің жазбаша арызы қолдарына тиген кезде ғана тоқтатады.

"Бұл "Алматыжер" тарапынан жасалып жатқан қысымдардың бірі болуы ғажап емес. Дегенмен, бұл соңғы 26 күндегі ең жақсы жаңалық", - деп мәлімдеді аштық жариялағандардың бірі Сергей Дмитриев.

Солай болғанымен де 9 адамнан тұратын аштық жариялағандардың тағы бір тобы кеше жасалған мәлімдемеге риза емес.

"Мәселе шешілген жоқ. Ол тек тоқтатылған. Біз объективті дұрыс шешім шығарылғанға дейін нәр татпаймыз. Менің үйімді тастауға болатын шығар. Алайда, осы аудандағы кейбір үйлерді тастауға болмайды. Адамдардың кейбірінің үйінің жартысын бұзып тастаған. Ал ол үйлердің қалған жартысында тұратын адамдарды қалдырып кеткен", - деп мәлімдеді аштық жариялаушы Ирина Ким.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны