07.11.2022, 18:33 17451

Астана әкімдігі үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімін жариялады

Астана әкімдігі үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімін жариялады
Астана. 7 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 

Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады. Астана қаласының әкімдігі ақшаңызға абай болу керектігін ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйлердің пәтерлерін сатып алуды қолдамайды (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы)", - деп хабарлады әкімдік.

 
Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жаза қарастырылған.
 
Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына жерден танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны