05.12.2022, 10:35 13541

Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

Рейстер аптасына екі рет орындалады
Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды
Сурет: Telegram/КГА/caa_kaz
Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде 5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы - "Turkish Airlines" түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын "AnadoluJet". Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, "AnadoluJet" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

Бұған дейін Алматыдан Бейжіңге әуе рейсінің қайта жанданғаны туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны