07.09.2017, 15:11 4404

Астана салық органдарында пилоттық режимде құжаттарды қабылдау сағаты 20.00-ге дейін ұзартылды

Егер бұдан алдын құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күші ішінде, күн сайын түскі үзіліспен сағат 17.30-ға дейін жүзеге асырылса, ал қазір Алматы ауданыныӊ салық органдарында пилоттық режимде құжаттарды қабылдау сағаты түскі үзіліссіз 20.00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте, салық органы қызметтерді сенбі күндері де сағат 13.00-ге дейін ұсынады.

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елордалық салық органдары халықтыӊ еӊ көп баратын объектілердіӊ арасында ХҚО-дан кейін екінші орында тұр (2017 жылғы бірінші жартыжылдықта салық органдары 800 мыӊнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті).

Бұл ретте, салық органдарында тиімсіз менеджмент және мемлекеттік қызметтерді алу үшін қарапайым жағдайдыӊ болмауы салықтөлеушілердіӊ наразылығын тудырды, бұл халықтыӊ мемлекеттік органдарға деген, жалпы билікке деген сеніміне ықпал етеді.

2017 жылғы 6 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев қоғам өкілдерімен бірлесіп бұдан алдын ведомствоаралық жиналыста берген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және жемқорлық қатерлерін сыртқы талдау бойынша тапсырмалардыӊ Астана қаласыныӊ Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында орындалуын тексерді.

Ведомствоаралық жиналысқа қатысушылар атап өткендей, тәртіпке келтіру бойынша қысқа мерзім ішінде жүргізілген жүйелі жұмыс сөзсіз оӊ әсер берді. Қазіргі уақытта салық органдарында қызметтерді ыӊғайлы, әрі жайлы алу үшін барлық тұрмыстық жағдай жасалған.

Барлық барған объектілерде қызмет алушылардыӊ кезекті ыӊғайлы күтуі үшін жағдай жасалған, атап айтқанда, азаматтарға қызмет көрсету орындарында электрондық кезек енгізілген, күту залдарында ауаны баптау жүйесі жөнге келтірілген, өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы интернетке қосылған барлық компьютерлік-көшіру техникасы жұмыс күйіне келтірілген, қосымша мультикассалар орнатылған.

Сонымен бірге, көрнекі ақпараттық стендтер орнатылған, өзіне-өзі қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау және беру секторлары қайта ретке келтірілген.

Бұған қоса, Агенттіктіӊ ұсынымдары бойынша жұмыс кестесі қайта қаралған. Егер бұдан алдын құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күші ішінде, күн сайын түскі үзіліспен сағат 17.30-ға дейін жүзеге асырылса, ал қазір Алматы ауданыныӊ салық органдарында пилоттық режимде құжаттарды қабылдау сағаты түскі үзіліссіз 20.00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте, салық органы қызметтерді сенбі күндері де сағат 13.00-ге дейін ұсынады.

Алматы ауданыныӊ әкімдігі салық басқармасы ғимаратыныӊ жанында жаӊа асфальт төселген қосымша автотұрақ орнатты.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияныӊ мүшесі А.С. Соловьева: "Фискалдық органдардағы қызмет алушылар отандық салықтөлеушілер болып табылады және қарапайым тұрмыстық жағдай жасау - мемлекеттік аппараттыӊ тікелей міндеті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізген жұмысы қызмет алушылардыӊ көрсетілген қызметтердыӊ сапасына қанағаттану деӊгейін арттыруда тұрақты жұмыс істеу қажеттігін анық көрсетті", - деп атап өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасыныӊ орынбасары Мемлекеттік кірістер департаментініӊ басшылығына және қоғам өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жемқорлық қатерлерін, әкімшілік кедергілерді және бюрократиялық рәсімдерді жою бойынша, сондай-ақ салық төлеушілерге қолайлы, ыӊғайлы жағдай жасау бойынша атқарылған жедел жұмыс үшін алғыс білдірді.

Ол Елбасыныӊ "клиентке бағдарлану" қағидатын барлық жерде сақтау бойынша нұсқауын іске асыру туралы Агенттік Төрағасы

Қайрат Қожамжаровтыӊ тапсырмасы бойынша еліміздіӊ барлық өӊірлерінде осындай жұмыс басталғанын және алдағы уақытта қоғамныӊ қатысуымен мемлекеттік кірістер басқармалары республиканыӊ барлық аумақтарында тексерілетінін тілге тиек етті .

Агенттік қызмет берушілердіӊ жұмысын жақсарту бойынша халықтан сындарлы ұсыныстарды, оныӊ ішінде Агенттіктіӊ интернет-ресурсындағы http://kyzmet.gov.kz/ru/e_services арнаулы айдары арқылы алуға дайын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны