29.06.2009, 16:24 3064

Астанада болатын дінаралық диалог жаппай танылған конфессиялардың жаһандық қатынастарының жаңаша үлгісін қалыптастыруға септігін тигізуді мұрат тұтады

Астанада болатын дінаралық диалог жаппай танылған конфессиялардың жаһандық қатынастарының жаңаша үлгісін қалыптастыруға септігін тигізуді мұрат тұтады

Астаан. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада болатын дінаралық диалог жаппай танылған конфессиялардың жаһандық қатынастарының жаңаша үлгісін қалыптастыруға септігін тигізуді мұрат тұтады. Бұл туралы Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Илемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі хатшылығының ҮІІІ отырысында мәлім деді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Илемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезінің пленарлық отырысының тақырыбын "Төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құруда діни лидерлердің ролі" ретінде анықталды. Біздер жаһандану қазіргі заман өркениетін әрі қарай дамытуға әсер ететін ең елеулі факторлардың біреуі болып табылатындығын арқау етеміз. Илемдік діндер де осы процеске қатысып, Астаналық дінаралық келіссөз жалпы танылған конфессиялардың жаһандық қатынастарының жаңа нысанын қалыптастыруға септігін тигізуге бағытталған",- деді Қ.Тоқаев.

Сенат спикерінің айтуынша, жеке секциялық отырыстар кезеңінде Съезге қатысушылар "Адамгершілік және рухани құндылықтар, әлемдік этика", "Келіссөз және ынтымақтастық" және "Исіресе, дағдарыс кезеңіндегі ынтымақтастық" деген үш тақырыптық блоктар бойынша пікірталас өткізеді деп ұйғарылған.

"Біздің ойымызша, бұндай формат дін лидерлеріне қазіргі заманның өзекті проблемалары бойынша пікір алмасуға, нақты елдер мен өңірлерде конфессияаралық келісім туралы өзінің көзқарастарын білдіруге, осы бағытта өз бағасын және пікірлер алмасуға мүмкіндік беретін болады.

Алдағы Съезд қорытындысы бойынша жобасы үстіміздегі жылдың сәуір айында өткен жұмысшы топ отырысы барысында келісілген қатысушылардың бірлескен баяндамаларын қабылдауды ұсынамыз. Сондықтан құжатты жетілдіруге және мазмұнын байытуға көмектесетін сіздерден ұсыныстар мен толықтырулар күтеміз",- деді ол.

"Дінаралық келіссөзді жалғастыру рухани құндылықтарды алға жылжыту ісіне, әлем мәдениеті, жаңа мыңжылдықта келісім мен төзімділік ісіне маңызды үлес болатындығына сенім білдіремін. Біздер біздің форумды әлемдік конфессияаралық келіссөздің басты алаңы ғана емес, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша құрылымды келіссөздің әмбебап мінберіне айналдыра аламыз",- деді хатшылық төрағасы.

Бұдан басқа Илемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі Хатшылығының тоғызыншы отырысын және үшінші съезді өткізу күні туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны