19.05.2021, 22:19 17637

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді

9, 11 (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізілетін болады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті карантин кезеңінде мектептерде соңғы қоңырауын өткізу және аттестаттарды тапсыру бойынша талаптарды белгіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қабылданған шектеу шаралары (қауіп-қатер аймағына қарамастан) кезінде жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу тек санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталған жағдайында ғана рұқсат етілген. Осы ретте 9, 11 (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізілетін болады. Бұдан басқа ешқандай шаралардың өткізілуіне рұқсат берілмейді. Салтанатты шара басталмас бұрын мектеп алаңын тазалап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету қажет", - деп хабарлады ведомствода.

 
Осы ретте 9, 11 (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізілетін болады. Бұдан басқа ешқандай шаралардың өткізілуіне рұқсат берілмейді.
 
Салтанатты шара басталмас бұрын мектеп алаңын тазалап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету қажет.
 
Шараға мектеп түлектерінен басқа олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (әр түлектің) бір өкілі, сондай-ақ, мектеп оқытушылары құрамынан артық дегенде 6 адам қатыса алады.
 
Карантиндегі азаматтардың (КВИ-ға шалдыққан науқаспен жақын байланыстағы адам, КВИ-ға шалдыққан науқас) аталмыш шараға қатысуына тыйым салынады.
 
Сонымен қатар, мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б) жиналуына жол берілмейді.
 
Салтанатты шараның кезең-кезеңімен өткізілетіндігін атап өту керек. Дәлірек айтқанда, мектеп аумағындағы шара тек бір сынып түлектері үшін өткізіледі. Шараның ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Әр сынып үшін өткізілетін салтанатты шаралардың аралығы 30 минуттан кем болмауы керек.
 
Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады. Шараға қатысушылар бетпердені киіп, 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті.
 
Салтанатты шараларға қатысатын педагогикалық ұжым, оқушылар жеке антисептикалық құралдарын қолданғаны жөн. 
 
Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана, дәмхана және т.б.) бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады.
 
Бұдан бөлек, соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, мектеп ғимараттарында ылғалды тазалау шараларын жүргізу қажет.
 
Білім беру нысандарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру нысандарына қатысты санитарлы-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелердің 10 бөлімі талаптарының және ҚР Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Қаулыларының сақталуын қамтамасыз ету қажет. Соның ішінде:

  • білім беру нысанының ғимараттарына ата-аналардың (заңды өкілдерінің) және басқа да келушілердің кіруін шектеу;

  • мектептің 1-ші қабатында қолды зарарсыздандыруға арналған санитайзерлерді орнату;

  • су ішу режимін сақтау (бір реттік стақандар, жеке құтылар);

  • сантораптарда дезинфекциялық режимді күшейтілген түрде қамтамасыз ету;

  • сантораптарды сұйық сабынмен, қолды зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялық құралдармен, электр орамалдармен үздіксіз қамтамасыз ету.
 

Оқушылардың, қызметкерлердің денсаулығы, коронавирустық инфекцияның таралуына білім беру нысанының басшысы жауап береді", - деп атап өтті комитетте.

 
Тұтастай алғанда, республика бойынша 2021 жылдың 1 сәуірі мен 12 мамыры аралығында санитарлық ережелер талаптарының, карантин режимінің қаншалықты сақталатынын бақылау мақсатында 2 660 тексеру шарасы жүргізілді. Тексеріс барысында 502 мектепте талаптарды бұзу оқиғалары анықталды (18,8%). 
 

Мектептерде карантин режимі талаптарын бұзудың негізгі жағдайларына таңғы сүзгінің өткізілмеуі, қызметкерлердің бетпердені тақпауы, тиісті ара қашықтықтың белгіленбеуі, ғимараттарда ылғалды тазалау және дезинфекциялық шараларын өткізудің бұзылуы, сыныптарда парталардың арасындағы қашықтықтың сақталмауы, бактерцидалық шамдары, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдар санының жеткіліксіздігі, қолданылған бетперделерді жинауға арналған құтылардың жоқтығы жатады", - деп хабарлады комитетте.

 
Анықталған карантин және санитарлық-гигиеналық талаптарының бұзылу оқиғалары ҚР ӘҚК 425 бабы 1 бөлімі бойынша 773 адамға айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 66 977 844 теңгені құрайды. Мұнымен қоса, олқылықтарды жоюға қатысты 688 ұйғарым шығарылды. Олардың 321-і (45,3%) орындалған (367 ұйғарымның мерзімі өткен жоқ).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны