15.03.2021, 18:42 8178

Қазақстанда 15 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 15 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 14 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 224 731 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 011 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 224 731. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 27 703 (+342); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 606 (+157); 
 
ШҚО–да – 22 473 (+20); 
 
Павлодар облысында – 18 509 (+46); 
 
Атырау облысында – 17 710 (+41); 
 
Қарағанды облысында – 16 195 (+84); 
 
Ақмола облысында – 14 515 (+61); 
 
БҚО-да – 13 827 (+32); 
 
Қостанай облысында – 13 118 (+49); 
 
СҚО–да – 12 745 (+17); 
 
Алматы облысында – 11 711 (+92); 
 
Шымкент қаласында – 6372 (+21); 
 
Жамбыл облысында – 6148 (+20); 
 
Ақтөбе облысында – 4522 (+18); 
 
Түркістан облысында – 4361 (+9); 
 
Маңғыстау облысында - 4298 (+0), 
 
Қызылорда облысында - 3918 (+2).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 683 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 206 832, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 129 адам (15 043 КВИ+ және 4 086 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 285 науқас стационарларда, ал 13 844 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 231 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 51 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 38 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 856 өлім тіркелді
 
Сонымен қатар, 13 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 174 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 810, 655 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 069 жетті. 
 
2021 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны