16.03.2021, 16:55 7915

Қазақстанда 16 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 15 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 225 685 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 954 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 225 685. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 28 000 (+297); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 733 (+127); 
 
ШҚО–да – 22 491 (+18); 
 
Павлодар облысында – 18 552 (+43); 
 
Атырау облысында – 17 758 (+48); 
 
Қарағанды облысында – 16 287 (+92); 
 
Ақмола облысында – 14 578 (+63); 
 
БҚО-да – 13 878 (+51); 
 
Қостанай облысында – 13 165 (+47); 
 
СҚО–да – 12 757 (+12); 
 
Алматы облысында – 11 810 (+99); 
 
Шымкент қаласында – 6389 (+17); 
 
Жамбыл облысында – 6167 (+19); 
 
Ақтөбе облысында – 4531 (+9); 
 
Түркістан облысында – 4370 (+9); 
 
Маңғыстау облысында - 4300 (+2); 
 
Қызылорда облысында - 3919 (+1).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 207 371, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 375 адам (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 163 науқас стационарларда, ал 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 239 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 51 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 36 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 865 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 14 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 166 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 817, 656 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 235 жетті. 
 
2021 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны