28.04.2021, 17:32 7281

Қазақстанда 28 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - 2021 жылғы 27 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 314 082 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 682 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 314 082. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 52 449 (+698); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 43 978 (+439); 
 
ШҚО–да – 24 653 (+78); 
 
Қарағанды облысында – 22 842 (+256); 
 
Атырау облысында – 21 673 (+98); 
 
Алматы облысында – 20 759 (+268); 
 
Павлодар облысында – 20 415 (+103); 
 
БҚО-да – 18 877 (+173); 
 
Ақмола облысында – 18 006 (+139); 
 
Қостанай облысында – 14 658 (+25); 
 
СҚО–да – 13 912 (+29); 
 
Шымкент қаласында – 9112 (+90); 
 
Ақтөбе облысында – 8856 (+83); 
 
Жамбыл облысында – 7658 (+69); 
 
Маңғыстау облысында – 5556 (+55); 
 
Түркістан облысында - 5328 (+22); 
 
Қызылорда облысында - 5350 (+57).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 268 439, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
28 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 486 адам (42 022 КВИ+ және 464 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 705 науқас стационарларда, ал 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 770 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 193 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 109 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 27 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 621 өлім тіркелді. 26 сәуірде КВИ-ден 22 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 26 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 156 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 87 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 627, 786 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 377 жетті. 
 
2021 жылдың 28 сәуіріне Қазақстанда 1 016 809 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны