31.05.2021, 19:03 9908

Қазақстанда 31 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - 2021 жылғы 30 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 386 549 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 405 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 172; 
 
Алматы қаласында – 2 304; 
 
Шымкент қаласында – 39; 
 
Ақмола облысында – 80; 
 
Ақтөбе облысында – 324; 
 
Алматы облысында – 89; 
 
Атырау облысында – 49; 
 
ШҚО-да – 79; 
 
Жамбыл облысында – 24; 
 
БҚО-да – 75; 
 
Қарағанды облысында – 323; 
 
Қостанай облысында – 41; 
 
Қызылорда облысында – 15; 
 
Маңғыстау облысында – 36; 
 
Павлодар облысында – 65; 
 
СҚО-да – 40; 
 
Түркістан облысында - 16.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 436 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 355 981 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
31 мамырға КВИ-ден 27 180 адам (26 613 КВИ+ және 567 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 10 908 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 272 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 668 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 152 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 97 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 30 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 955 өлім жағдайы тіркелген. 29 мамырда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 27 жаңа жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 
 
2021 жылдың 31 мамырына Қазақстанда 2 114 112 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 31 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Акмола, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны