20.07.2022, 16:30 11496

Қазақстанда 3 млн гектар жайылым заңсыз берілген - Бас прокуратура

Қазақстанда 3 млн гектар жайылым заңсыз берілген - Бас прокуратура
НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - Соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 

Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді", - деді ҚР Бас прокуратурасында.

 
Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады.
 
Жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарлануда.
 

Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді", - деп толықтырды ведомствода.

 
AMANAT партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны