09.08.2021, 11:26 6982

Қазақстанда 9 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус ауруының 7 671 жаңа жағдайы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 8 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 641 885 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 671 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 1 452; 
 
Алматы қаласында - 1 503; 
 
Шымкент қаласында - 565; 
 
Ақмола облысында - 256; 
 
Ақтөбе облысында - 393; 
 
Алматы облысында - 244; 
 
Атырау облысында - 416; 
 
ШҚО-да - 230; 
 
Жамбыл облысында - 190; 
 
БҚО-да - 111; 
 
Қарағанды облысында - 1058; 
 
Қостанай облысында - 237; 
 
Қызылорда облысында - 205; 
 
Маңғыстау облысында - 214; 
 
Павлодар облысында - 295; 
 
СҚО-да - 158; 
 
Түркістан облысында - 144.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 525 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 525 627 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
9 тамызға КВИ-ден 113 186 адам (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 31 504 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 81 682 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 981 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 402 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 192 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 8 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 876 өлім жағдайы тіркелген. 7 тамыз күні КВИ-ден 112 адам қайтыс болды. 
 
7 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 28 адам қайтыс болды және 135 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 63 442, өлім – 3 915, сауыққандар – 55 723. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 8 тамызға I компонентпен 5 750 698 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 382 869 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны