23.02.2023, 09:39 44561

Қазақстанда Air Arabia әуекомпаниясына айыппұл салынды

Алматы-Шарджа рейсі кешіктірілген кезде жолаушыларға сергітетін сусындар ұсынылуы тиіс еді
Қазақстанда Air Arabia әуекомпаниясына айыппұл салынды
Астана. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Air Arabia әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауға байланысты ағымдағы жылдың 13 ақпанында "Air Arabia" әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды.

Бұған дейін Қазақстанда әуекомпанияларға бір сағат кешіктірілгені үшін салынатын айыппұл тарифтің 3%-ын құрайтыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны