05.12.2022, 10:09 12836

Қазақстанда бір айда алғаш рет коронавирустық пневмониядан қайтыс болған адам тіркелді

Коронавирусты емдеуді мыңнан астам адам жалғастыруда
Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 114 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 397 527 жағдай тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 5 желтоқсанда КВИ-ден 1 364 адам (1 214 КВИ+ және 197 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 176 пациент бар;

- амбулаториялық деңгейде - 1 235 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

- ауыр халде - 7 пациент,

- аса ауыр халде - 3 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында - 3 пациент бар.

3 желтоқсанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы анықталды. (КВИ-)ден бір өлім жағдайы тіркелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны